Астанада жүк тасымалдау көлемі ұлғайды

Фотография - Астанада жүк тасымалдау көлемі ұлғайды

2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда тасымалданған жүк көлемі 7,8% артты.

209 0

 Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, 2015 жылғы қаңтар-маусымда қала көлігімен (жүк автокөлігі бар және коммерциялық тасымалмен айналасатын көліктік емес ұйымдар мен жеке тұлғалардың жүк тасымалдау көлемін бағалауды қоса алғанда) 61903,5 мың тонна жүк тасымалданды, сонымен қатар жалпы жүк айналымы 3886,8 млн. тонна км құрады. 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда тасымалданған жүк көлемі 7,8% артты.

Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер тасымалын қосқанда, қаланың автомобиль көлігімен 2015 жылғы қаңтар-маусымда 1088,7 млн. жолаушы, соның ішінде қаланың көліктік кәсіпорындарымен 237,6 млн. адам (21,8%), жеке кәсіпкерлермен 851,1 млн. адам (78,2%) тасымалданды.

 

 

astana.gov.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!