Павлодарға Ресей мен Украинадан құс етін әкелуге шектеу қойылды

Фотография - Павлодарға Ресей мен Украинадан құс етін әкелуге шектеу қойылды

Павлодар облысына Ресей және Украина елдерінен құс еті өнімдерін әкелуге уақытша шектеу қойылды

126 0

Павлодар облысына Ресей және Украина елдерінен құс еті өнімдерін әкелуге уақытша шектеу қойылды. Мамандардың пайымдауынша, бұл жағдай өңірде өнім тапшылығын тудыра қоймайды.

«Павлодар өңіріне әкелінетін тауық еті жеткілікті. Қазіргі таңда облыс тұрғындарының сұранысын бірқатар отандық кәсіпорындар өтеуде. Олардың қатарында Семей қаласының «Ардагер», «Востокобройлер» ЖШС, өскемендік «Усть-Каменогорская птицефабрика» АҚ, «КусВкус» ЖШС, астаналық «Астраханская птицефабрика» және жергілікті «Қызылжар-құс» ЖШС-і бар. Мәселен, қызылжарлық фабрика жылына 4 мың тонна құс етін шығарады. Алдағы уақытта өндіріс қуаттылығы 8 мың тоннаға дейін ұлғайтылмақ, - дейді облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Оксана Давыденко.

Ведомствоның мәліметінше, Павлодар өңірінің тұрғындары бір жылда 4 миллион тоннадан астам құс етін тұтынады. Қазіргі таңда облыстың 262 әлеуметтік сауда орындарымен тауық және сан етін, сондай-ақ, өзге де әлеуметтік маңыздағы азық-түлік түрлерінің құнына қосылатын үстемені 10%-дан асырмау туралы меморандум жасалған.

 

 

Вnews.kz сайтынан



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!