Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Фотография - Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Осы аптада орталық және жергілікті атқарушы органдарда бірқатар тағайындаулар орын алды.

385 0

Осы аптада орталық және жергілікті атқарушы органдарда бірқатар тағайындаулар орын алды. 

20 шілде, дүйсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің 2015 жылғы 17 шілдедегі қаулысымен Әнуар Маханов "Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы" ММ басшысы қызметіне тағайындалды.

Әнуар Маханов 1975 жылы туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "экономика және менеджмент" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1992 жылы Байғанин ауданы Байғанин ауылында құрылысшы болудан бастаған.

Ақтөбе қаласы "Қазақтүрікмұнай" ЖШС, Ақтөбе қаласы "АқжарОйл-АС" ЖШС, Байғанын ауданы Жарқамыс кентіндегі "Жарық" ШҚ-да түрлі қызметтерде болған. 2011-2014 жылдары Ақтөбе облысы ауылшаруашылығы басқармасында істеп, бөлім басшысынан бастап, басқарма басшысының орынбасары қызметіне дейін көтерілген. 2014-2015 жж. "Ақтөбе" ӘКК" ҰК" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, "Ақбұлақ" АҚ президентінің кеңесшісі болған. 2015 жылдың наурызынан бүгінге дейін "Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы" ММ басшысының орынбасары қызметін атқарған.  2015 жылы 20 шілдеде Астана қаласы әкімдігі аппаратының бұрынғы басшысы Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы "Нұр Отан" партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Еске сала кетейік, 13 шілдеде елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметіне Бектенов Олжас Абайұлын тағайындау туралы өкімге қол қойған болатын. 

Ресей Федерациясы Президенті мен Қазақстан Республикасы Президентінің бірлескен шешімімен Петренко Анатолий Павлович Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. А.Петренко 1945 жылы Ставрополь өлкесініңКурганное селосында дүниеге келген. Камышин әскери құрылыс-техникалық училищесін аяқтаған, радиотехник мамандығын алған. Әскери борышын Орынбор облысында Ленинград әскери округінде өткерді. Сол уақытта Чкалов атындағы Орынбор пединститутында оқыды. 1989 жылы Байқоңыр ғарыш айлағына жұмыс істеуге ауысты, ғарыштың тәрбие жұмыстары бөлімінде қызмет етті, зымыран-сынақ бөлімінде жетекші болды. 1995 жылы Байқоңыр қаласы әкімшілігінде еңбек етті, ішкі саясат бөлімін басқарып, әкімшілік басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, қала әкімшілігі басшысының орынбасары болды. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі, көп жылдық адал еңбегі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Достық орденімен және II дәрежелі "Достық" орденімен, Ресей ғарыш федерациясының "Еңбегі үшін" медалімен марапатталды.

22 шілдеде Павлодар облысы әкімінің өкімімен Әлішер Елісұлы Әбдіқадыров Павлодар облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.  Әлішер Елісұлының білімі жоғары, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің бакалавриаты мен магистратурасын тәмамдаған. Экономика магистрі ғылыми дәрежесі бар. Еңбек жолын 2009 жылы Индустрия және сауда министрлігінде сарапшы болып бастаған.

Ә.Әбдіқадыров индустриялық дамыту саласында (Индустрияландыру картасы, арнайы экономикалық аймақтарды құру) және инвестиция тарту мәселесінде мол тәжірибесі бар білікті басшы. Ол елордадағы қызмет жолында Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың бірінші бесжылдығы (2010-2014) және екінші бесжылдығы (2015-2019) мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге қатысқан. Сонымен қатар министрліктердегі қызмет жолында барлық сатылардан өткен. Министрлік сарапшысы, Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.

Осы күні Республикалық "Экспресс К" газетінің бас директоры болып 2004-2009 жылдар аралығында редакцияныбасқарған белгілі журналист Әділхан Нүсіпов тағайындалды. Еске сала кетейік, 2009 жылғы шілдеден бастап 2015 жылғы наурыз аралығында Алексей Пан басылымның бас директоры болған. Ол 21 наурызда Үндістандағы Гоа курортында қайғылы қазаға ұшырады. Әділхан Нүсіпов «Ленинская смена» (газеттің бұрынғы атауы) газетіне 1988 жылы келді. Сосын басқа жұмысқа кетіп, 2000 жылы газетке қайта оралды. Газет шолушысы, бас редактордың орынбасары, бас директор - бас редактор болып жұмыс істеді. 2009 жылғы шілдеден бастап 2015 жылғы наурыз аралығында Ә.Нүсіпов Алматыдағы тілшілер желісінің меңгерушісі - бас директордың орынбасары лауазымын атқарды.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Азамат Жұмабайұлы Айтуев облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Азамат Жұмабайұлы Айтуев 1981 жылы туған, білімі жоғары, 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2008 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандықтары бойынша бітірген.

2002-2003 жылдары Бөрлі ауданы прокурорының көмекшісі болған. 2003-2006 жылдары Орал қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі лауазымдарында қызмет етті. 2008 жылы Батыс Қазақстан облысыпрокуратурасы басқармасының аға прокуроры. 2008 жылы Орал қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі болды. 2008-2009 жылдары Орал қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау, кадр жұмысы және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімі меңгерушісі. 2009-2012 жылдары Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы. 2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстары бөлімінің басшысы. 2015 жылдың 21 шілдесінен Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.

23 шілде, бейсенбі күні Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың өкімімен Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Манапов Қобылан Тоқбергенұлы тағайындалды. Манапов Қобылан Тоқбергенұлы 1975 жылы туған. Бұған дейін ол облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары, Ескелді ауданының әкімі, Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобил жолдары басқармасының басшысы болып қызмет атқарған. 

24 шілдеде Қызылорда қаласы әкімінің №1209 өкімімен Қайруллаев Айдын Бөкенбайұлы Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Қайруллаев Айдын Бөкенбайұлы 1981 жылы 15 қарашада Қызылорда облысы Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары: 1998-2002 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде журналист мамандығы бойынша, 2006-2008 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алған. Айта кету керек, өткен жылдың шілдесінен Айдын Қайруллаев Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

ҚазАқпарат 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!