Қазақ құрты «ЭКСПО-2017» көрмесінде ұлттық брендке ие болары сөзсіз

Фотография - Қазақ құрты «ЭКСПО-2017» көрмесінде ұлттық брендке ие болары сөзсіз

Қазірде БАҚ беттерінде ұлттық тағамдар туралы, олардың пайдасы немесе одан жаңа технология арқылы түрлі тағамдардың жасалуы жөнінде ақпараттар кеңінен таралуда.

546 0

Қазірде БАҚ беттерінде ұлттық тағамдар туралы, олардың пайдасы немесе одан жаңа технология арқылы түрлі тағамдардың жасалуы жөнінде ақпараттар кеңінен таралуда. Оған дәлел - күні кеше қолға алынған қымыз бен шұбаттан жасалған тәтті тағамдар мен балмұздақ немесе қымыздан шығаратын құрғақ сүт т.б. бола алады. Тіпті осы бие сүтінен косметика шығару ісі де жолға қойылуда.
Таяуда осы ұлттық тағамға байланысты тағы бір жаңалыққа елең ете қалдық. Әлеуметтік желілерде Қазақстанда "Құртафелло" брендінің шыққандығы жөнінде кеңінен талқыға салынды. Оны шығарған оңтүстікқазақстандық кәсіпкер Айнаш Ұбайдоллаева. Кәсіпкердің айтуынша, бәсеке қатты дамыған оңтүстік өңірде өз ісін дөңгелету үшін тың нәрсе ойлап табуға тырысқан. Ақырында ол ойлап тапқан құртафелло бренді тұтынушылар арасында сұранысқа ие болды. Шығаратын өнімі - кәдімгі құрт. Тек қорапқа салынып, атауы ғана өзгерген.

Қазақтан басқа еш халық өреге құрт жаймаған екен. Ендеше сол құртымыз дүкен сөрелерінде самсап тұрса қандай ғанибет?! Бұл дүкендерімізде құрт жоқ дегенді білдірмейді. Қазақстанда оны жасаумен айналысып жатқан өндіріс орындары баршылық. Ендігі мақсат - құртты ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығару.

Осыдан екі жыл бұрын Шымкент колледжінің студенттері құрттың құрамына қызылшаның және сәбіздің шырыны, жаңғақтың дәндерін қосып, түрлі-түсті құрт жасап еді. Осылайша, құрамы байытылып, адам денсаулығына пайдасы артқан өнімдеріне болашақта патент алып, ЭКСПО-2017 көрмесіне де қоюға ниеттері бар екенін де айтқан.

Қазақтың ұлттық тағамдарының бірі - құрттың адам ағзасына тигізер пайдасы зор. Себебі, құрт - кальцийдің көзі, ақуызға да өте бай. Оның құрамында А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері баршылық. Құрттың құрамы тағамдық биологиялық қоспалар мен түрлі дәрумендерден құралған. 100 грамм сүзбенің қуаты 227 кк болса, құрттікі 370,1 кк. 100 грамм құртта 3 грамға жуық ақуыз, 3,2 грамм кальций мен фосфор қосындылары, белгілі мөлшерде А1, В2, Д дәрумендері бар. 100 грамм құрттан ағзаға 60-қа жуық килокалория беріледі.

"Кепкен құртты мүжіген баланың тісі сау, сүйегі берік болады. Себебі кальцийге өте бай. Құрттың екіқабат әйелдердің де денсаулығына пайдасы зор. Мешел ауруымен ауыратын балаларға дәрігерлер құрт жеуге кеңес береді. Оның құрамындағы кальций ағзадағы зат алмасуды жақсартып, сүйек тіндерін бекітеді. Иммунитетті күшейтеді", - дейді дәрігер Райса Садықова.

Райса Сайлаубайқызының айтуынша, жүрек айнығанын да құрт арқылы басуға болады екен. Ендеше ұшақта тарататын кәмпиттердің орнына неге өз өніміміз құртты пайдаланбасқа? Осы арқылы құртты әлемге танытуға болар еді. Кеңес уақытында бір рет қазақтың құрты ғарышқа ұшып бара жатқан ғарышкерлерге де берілген екен. Ғарышкерлердің өзін таңдандырған құртымыз ескерусіз қалмағаны жөн. Құртты да қымыз бен шұбатқа қосып, шетелден келген туристерге ұсынсақ, қызығушылық туатыны сөзсіз.

Құрт - қазақтың құты. Қазақтың құты демекші, ашаршылық кезеңінде халық жауының әйелдерінің тірі қалуы да осы құрттың арқасында. Ақмола лагерінің бұрынғы тұтқындарының бірі Гертруда Платайс Қазақстанға келіп-кеткен сапарында "АЛЖИР" мұражайының қызметкерлеріне жергілікті қазақтарды қалай алғаш рет көргенін, олардың тұтқын әйелдерге қалай қамқорлық танытқанын айтып берген еді. Қазақтың балалары өз өмірлерін тәуекелге тігіп, тастың орнына құрт лақтырғаны туралы оқиғаны білмейтіндер кемде-кем. Гертруда Платайстың естеліктері тарих пәнінен сабақ беретін ұстаз Раиса Голубеваның "Құрт - асыл тас" атты өлеңіне арқау болған.

"О, Господи, да это ведь не камень.
От него так пахнет молоком.
И в душе затрепетал надежды пламень,
А в горле встал ком.
Так вот что придумали старики!
Вот за что женщины детьми рисковали!
Они нас от болезни берегли,
Они нас от безверия спасали.
Они поняли, что мы не враги,
А просто несчастные женщины.
И чем смогли - помогли,
Поразив нас своей человечностью.
Я молча поползла по льду,
Собирая драгоценные камни.
Теперь я отвратила от них беду,
Спасая их от охраны.
А ночью в холоднейшем бараке,
На оскверненной палачами земле,
Я, немка, молилась мусульманскому богу,
Да ничего не просила себе.
Я просила старикам здоровья,
Женщинам-матерям - счастья.
Особенно я молилась за детей,
Чтобы они не видели несчастья.
Я прошла все круги ада,
Потеряла веру и друзей,
Но одно я знаю,
Что только так и надо воспитывать детей".



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!