Жер қойнауын пайдалану кодексіне өзгерістер енгізіледі

Фотография - Жер қойнауын пайдалану кодексіне өзгерістер енгізіледі

Мемлекет басшысы жариялаған Ұлт жоспары аясында Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізіледі

254 0

Мемлекет басшысы жариялаған Ұлт жоспары аясында Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті. 

«Мемлекет басшысы жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында 2016 жылдың соңына дейін Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану кодексіне толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі. Тиісінше, құжат Парламентке жіберіледі. 2017 жылы кен орындарын бағалау саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге толықтырулар енгізіледі. Бұл шаралардың барлығы Қазақстанның кен игеру саласын халықаралық стандарттарға сәйкестендіреді»,-деп хабарлады Ұ.Қарабалин.

Вице-министірдің айтуынша, Қазақстан қатты пайдалы қазбаларды алу, көмірсутек шикізаттарын пайдалану бойынша бұқаралық есептілік жөніндегі халықаралық стандарттарға ауысады. Бұл минералдық шикізат кешенінің инвестициялық тартымдылығын арттырады.

 

 

BNews.kz сайтынан

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!