Заң бұзған орман шаруашылығы саласындағы мекемелерге айыппұл салынды

Фотография - Заң бұзған орман шаруашылығы саласындағы мекемелерге айыппұл салынды

Оңтүстік Қазақстан облысында заңды белден басқан орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мекемелерге айыппұл салынды

500 0

Оңтүстік Қазақстан облысында заңды белден басқан орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мекемелерге айыппұл салынды. Бұл туралы бүгін Шымкенттегі "Оңтүстік" ақпарат орталығында өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Бақытжан Қырықбай мәлім етті. 

"Біздің негізгі міндетіміз – орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сонымен бірге жануарлар дүниесі, оның ішінде аңшылық және балық шаруашылығы саласындағы жұмыстардың атқарылуын қадағалау. Біздің инспекция тарапынан облыста орналасқан ерекше табиғи аумақтарға, мысалы, Ақсу-Жабағалы, Қаратау, Сайрам өгей паркінде атқарылып жатқан жұмыстарға тұрақты түрде бақылау жасаймыз", - дейді ол.

Бақытжан Қырықбайдың сөзінше, облыста орналасқан аңшылық аумақтарда жұмыс істеп жатқан азаматтарды да қадағалау – міндет.

"Биылғы жылдың алты айында аймақта 14 жоспарлы және жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде екі мекемеден құқықбұзушылық анықталды. Жауаптылар әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл салынды. Атап айтқанда, құқықбұзушылыққа жол берген Отырар орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі мен Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік паркі Түркістан филиалына әкімшілік айыппұл салынып, толығымен мемлекет есебіне өндірілді", - дейді Бақытжан Қырықбай.

 

Bnews.kz сайтынан

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!