Биыл Павлодар облысында 1,5 миллион гектар жерден шөп шабылады

Фотография - Биыл Павлодар облысында 1,5 миллион гектар жерден шөп шабылады

Павлодар облысында қысқы мал азығын әзірлеу жұмыстары қызу жүріп жатыр.

208 0

Павлодар облысында қысқы мал азығын әзірлеу жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өсімдік шаруашылығы және механизация бөлімінің басшысы Есентай Мүрсәлімовтың мәліметінше, қазіргі таңда жоспарланған 1,5 миллион гектарға жуық алқаптың 56%-ы шабылып үлгеріп, 46%-ы әзірленген.

«Биылғы шөп шабу науқаны бекітілген кестеге орай, тиісті деңгейде жүргізілуде. Кедергі келтірер мәселелер туындаған жоқ. Шөптің қалыңдығы былтырғы жылмен салыстырғанда әлдеқайда жақсы. Жуырда тоғайлы алқаптарда шөп шабу жұмыстарын Ақтоғай және Лебяжі аудандарының шаруалары бастап кетті. Үстіміздегі жылдың тамыз айында аймақтағы ауылшаруашылық нысандарына арзандатылған жанар-жағармайдың 9 мың тоннасы үлестіріледі деп күтілуде. Қазіргі таңда келісімшарттар жасалып, дизельді отынды тасымалдау жұмыстары пысықталып жатыр», - дейді Е.Мүрсәлімов.

Өңірдегі ауыл шаруашылығы басқармасы ұсынған ақпараттарға сүйенсек, шөп шабу жұмыстарына 1735 арнайы техника жұмылдырылған. Бұл сәйкес кезеңмен салыстырғанда 600 бірлікке жоғары көрсеткіш. Өнімділігі жағынан Железин және Ертіс аудандары алда тұр. Аталмыш аумақтарда орта есеппен бір гектардан 6,9-дан 7,7 центнерге дейін өнім жиналуда. Ал шапшаңдығы жағынан Шарбақтылық шаруалар көш басында.

Жалпы, биылғы жылы 1 миллион 456 мың гектар жерден 885 мың тонна шөп шабу жоспарлануда. Былтырғы жылдық өнім 795 тоннаны құраған.

 

 

Bnews.kz сайтынан



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!