Алматы әкімдігі: Селден зақымдалған үйлердің жарамдылығын комиссия бағалайды

Фотография - Алматы әкімдігі: Селден зақымдалған үйлердің жарамдылығын комиссия бағалайды

Сел тасқыны салдарынан зақымдалған тұрғын үйлердің жарамдылығын және зақымдалған жеке автокөліктерге қатысты шығындарды арнайы комиссия бағалайды.

119 0

Сел тасқыны салдарынан зақымдалған тұрғын үйлердің жарамдылығын және зақымдалған жеке автокөліктерге қатысты шығындарды арнайы комиссия бағалайды. Бұл туралы бүгін Алматыда төтенше жағдай орын алған аймаққа жасалған баспасөз туры барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Юрий Ильин мәлім етті. 

Өз сөзінде Ю.Ильин автокөліктердің шығынын есептерде оларды бақытсыз жағдайлардан сақтандыруға қатысты ағымдағы тиісті заңнаманың аясында әрекет ету керектігін ескертті.

«Төтенше жағдайға байланысты жалпы мониторинг жасалды. Қазір арнайы комиссия әлі үйлерді аралап жатыр. Жалпы, Наурызбай, Әуезов және Алатау ауданының аумақтарында барлығы 450 тұрғын үй зардап шеккен», - деді Ю.Ильин.

Оның айтуынша, сел салдарынан опат болған және зардап шеккен адамдар жоқ.

Төтенше жағдай салдарын жою бойынша Сақтық қорының қаржысы 2 млрд. теңгеге ұлғайтылды. Бұл қаржы арнайы техникалар сатып алуға және тұрғындарға жәрдемақы төлеуге жұмсалатын болады.

«Тоғыз үй толығымен қирап кеткен. Оларды қалпына келтіруге кем дегенде 20 күн керек», - деді сөз соңында қала әкімінің орынбасары.

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!