Қостанай заводында Hyundai маркасының соңғы үлгілері шығарылмақ

Фотография - Қостанай заводында Hyundai маркасының соңғы үлгілері шығарылмақ

Қостанайлық "СарыарқаАвтоПром" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Hyundai маркісінің 4 жаңа, ілкі партияларының үлгілерін жинауға кірісті. Сериялы өндіріс биылғы жылдың тамыз айында іске қосылады, деп хабарлайды ҚР "Атамекен" ҰКП-ның баспасөз қызметі.

282 0

Қостанайлық "СарыарқаАвтоПром" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Hyundai маркісінің 4 жаңа, ілкі партияларының үлгілерін жинауға кірісті. Сериялы өндіріс биылғы жылдың тамыз айында іске қосылады, деп хабарлайды ҚР "Атамекен" ҰКП-ның баспасөз қызметі.

 Аталмыш өндіріс іске қосылса, премиум кластағы үлгілерді Genesis седандары, Grandeur бизнес-класын седандар, Santa Fe кроссоверлері, алдыңғы қозғалысты Sonatа толықтыратын болады. Жаңа желіні іске қосу жұмыстары дайын, Hyundai маркасінің жаңа үлгілері Peugeot, SsangYong маркілі көліктермен бір цехта жиналатын болады.


Инвестициялар және даму министрі Альберт Раудың айтуынша, мемлекет бүгінде отандық автомобиль өнеркәсібін қолдауға үлкен көңіл бөліп отыр. "Нұрлы жол" бағдарламасы мен «Қазақстандық тауарды сатып ал" акциялары жақсы нәтиже берді, Президент бірінші рет автонесиелеуге қаржы бөлді. Біз автоөнеркәсіпке үміт артып отырмыз, сіз Toyota сатып алдыңыз, қазір жаңа жаһандық ойыншылар келіп жатыр, жаңа әлемдік брендтер, жаңа технологиялар. Алдыда үлкен міндеттер тұр және біз барлығымыз осы міндеттер жолында жұдырықтай болып қызмет етуіміз керек. Біз өнеркәсіп өнімінің көлемі мен жұмыс орындарын сақтап қаламыз",-деді А.Рау.


2015 жылы "СарыарқаАвтоПром" 3,5 мыңнан астам көлік шығаруды жоспарлап отыр. 2017 жылдан бастап бұл жерден сырлау мен жону қызметтерін қоса алғанда толыққанды көлік шығару жоспарлануда. Peugeot және қытайлық JAC шығару жоспарланула.

 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!