АҚШ: Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі – табысты өркендеу нәтижесі

Фотография - АҚШ: Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі – табысты өркендеу нәтижесі

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі – ұзақ жылдар бойғы табысты өркендеу нәтижесі. Америкалық саяси элитаның пікірі осындай.

121 0

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі – ұзақ жылдар бойғы табысты өркендеу нәтижесі. Америкалық саяси элитаның пікірі осындай.

Қазақстанның халықаралық құзырлы ұйымнан орын табуын америкалық іскерлік орта қуана қарсы алды. Қазақстан қол жеткізген тарихи оқиға Вашингтондағы Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында өткен жиында жан-жақты талқыланды. АҚШ-тың Сауда министрлігі мен АҚШ-Қазақстан іскерлік қауымдастығының басшылығы және өзге де сарапшылар еліміздің көптен күткен жемісті еңбегін жоғары бағалады. Екі онжылдыққа созылған қызу пікірталастар мен табанды талқылаулар өз жемісін берді. Қазақстандық тарап ұйымның бір мүшесі АҚШ-пен де қыруар келіссөздер жүргізді. Енді мол шаруа артта қалды. Еңбектің зейнетін көретін кез келді. Америкалық саяси элита мұны қазақ еліндегі экономикалық өрлеу мен қажырлы дипломатияның нәтижесі деп атады. Бұл өз кезегінде қазақ-америкалық әріптестіктің көсіліп қанат жаюына мол пайдасын тигізбек деп есептейді олар.
 


24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!