Қазақстан ДСҰ-ға кіруде Ресейдің көмегін жоғары бағалайды

Фотография - Қазақстан ДСҰ-ға кіруде Ресейдің көмегін жоғары бағалайды

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі бойынша Ресейдің көмегін жоғары бағалайды, деді РИА «Новости» агенттігіне Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ДСҰ Бас кеңесінің қорытындысы бойынша.

220 0

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі бойынша  Ресейдің көмегін жоғары бағалайды, деді РИА «Новости» агенттігіне Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ДСҰ Бас кеңесінің қорытындысы бойынша.

Қазақстан ресми түрде 2015 жылдың соңында ұйымның 162-ші мүшесі атанбақ.

«Ресей - біздің ірі сауда-экономикалық серіктесіміз. Сондықтан біз  Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша әрекеттерімізді үйлестірдік. Біз әрдайым Ресей тарапынан қолдауды сезіндік, сондықтан бұл ортақ жеңісіміз деп ойлаймын.  Еуразиялық экономикалық одаққа да бұл оң әсерін тигізеді.  Жақын арада Беларусь елі де ДСҰ-ға кіру үрдісін аяқтап, одағымыз бен бұл ірі сауда ұйымы арасындағы ынтымақтастық пен өзара әрекеттестіктің тағы бір көпірі қаланады деп үміттенеміз», - деді ол.

Ыдырысов атап өткендей, Қазақстан да Ресей сияқты Беларусьтің ДСҰ-ға кіруіне жәрдемдесуге дайын.  «Бізде де, Ресейде де тәжірибе бар. Біз бір экономикалық кеңістіктеміз. Сондықтан біз экономикалық және саяси жағынан Белоруссияның ДСҰ-ға кіруіне мүдделіміз», - деп атап өтті Қазақстан СІМ басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, ДСҰ-ға кіру - Қазақстан үшін тарихи құбылыс.

«Бұл - экономикалық тұрғыда сапалы өзгеріс. Менің пікірімше, бұл Еуразиялық одақ үшін де сапалы өзгеріс», - деп қосты ол.

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) - халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым. Қазір оның құрамында 161 мемлекет пен аумақ бар. Ресей ұйымға 2012 жылы кірген. Қазақстан 1996 жылы 29 қаңтарда ДСҰ-ға кіруге өтініш білдірген.

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!