542

Мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы Мәжілістің қарауына берілді

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев мәлімдеді.
Фотография - Мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы Мәжілістің қарауына берілді

Қайтадан өзгерістер мен толықтырулар енгізілген "ҚР Мемлекеттік сатып алулар туралы" заң жобасы бүгін ҚР Парламентінің Мәжілісінің қарауына берілді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев мәлімдеді.

 - Біз тиісті сала амандарының көмегімен заң жобасын қайта қарап, Парламент Мәжілісінің қарауына бердік. Заң жобасы еліміздегі мемлекеттік сатып алу жұмысын жетілдіріп ғана қоймай, электронды нұсқада қызмет көрсету тәртібін дамыта түседі, - деді Р.Бекетаев.
Оның айтуынша, электронды сатып алу заңнамалық тұрғыда жауапкершілікті күшейте түседі.

- Электронды сатып алу жолымен жеңімпаз белгілі болған жағдайда 1 ай ішінде келісімшарт жасау міндеттеледі. Жеңімпазға жауапкершілік те күшейе түспек, - деді ол.

Загрузка...