Н.Нұркенов өңірлердегі баспасөз қызметтеріне қойылатын негізгі талаптарды атады

Фотография - Н.Нұркенов өңірлердегі баспасөз қызметтеріне қойылатын негізгі талаптарды атады

Көкшетауда облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтің қатысуымен аудан, қала әкімдерінің баспасөз қызметінің қоғаммен тиімді байланысы мәселелеріне арналған семинар өтті.

205 0

Көкшетауда облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтің қатысуымен аудан, қала әкімдерінің баспасөз қызметінің қоғаммен тиімді байланысы мәселелеріне арналған семинар өтті. 

Шара барысында Н.Нұркенов аудан, қала әкімдерінің баспасөз қызметі мен ішкі саясат бөлімдерінің жұмысына тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі уақытта әлемде саяси тұрақсыздық белең алып тұрғанда баспасөз хатшысы болсын, ішкі саясат бөлімінің қызметкері болсын мықты идеолог болуы керек.

«Бүгінгі күні бұл кызметте істейтін азаматтарға үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Баспасөз қызметі мен ішкі саясат бөлімінің қызметкері өңірде болып жатқан жаңалықтарды аудан әкімінен кем білмеуі тиіс. Әсіресе, өңірде болып жатқан жақсы жаңалықтарды көрсету арқылы халықтың көкейіне оң көзқарас қалыптастырулары қажет. Ең бастысы кез-келген ақпаратты таратқан кезде жеделдікті әрі аудан мүддесі мен мемлекеттік қызметтің абыройына нұқсан келмеуін ойлау керек», - деді Нұрлан Нұркенов.

Сонымен қатар ол өңірде биыл алғаш рет аудан әкімінің баспасөз қызметінің жұмыс істей бастағанын ескере келе, бұл бағытта жұмысты одан әрі ширатуды тапсырды.

Еске сала кетсек, облыстық ішкі саясат басқармасының мұрындық болуымен ұйымдастырылып отырған шараға «ҚазАқпарат» ХАА-нің бас директорының орынбасары Қаламқас Әбуова, «Казконтент» АҚ-ның интернет жобалар бойынша сарапшы-маманы Бейсен Макрашев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева, «Хабар» агенттігінің меншікті тілшісі Дамир Шайдаров, «BBC-IT» ЖШС-нің директоры Жанна Ысқақова, «Көкшетау» газетінің бас редакторы Серік Жетпісқалиев, «Ақмола Медиа Орталығы» ЖШС-нің директоры Әбен Әбдрәсілов және өңірдегі аудан, қала әкімдерінің баспасөз хатшылары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты.

Осы орайда, «ҚазАқпарат» ХАА-нің бас директорының орынбасары Қаламқас Әбуова «БАҚ жаңалықтар блогының қалыптасуы» тақырыбындағы баяндамасында аудан және қала әкімдерінің баспасөз қызметі мен ішкі саясат бөлімі жұмысын одан әрі жандандыру және БАҚ-пен тығыз байланыста жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.

 

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!