"Арселор Миттал Теміртау" АҚ жұмысшылардың жалақысын 25%-ға қысқартпақ

Фотография - "Арселор Миттал Теміртау" АҚ жұмысшылардың жалақысын 25%-ға қысқартпақ

"Арселор Миттал Теміртау" компаниясы ел үкіметіне, кәсіподақтар мен қол астындағы жұмысшыларына барлық қызметкердің жалақысын шамамен 25%-ға қысқартуды көздеп отырғанын хабарлады.

147 0

"Арселор Миттал Теміртау" компаниясы ел үкіметіне, кәсіподақтар мен қол астындағы жұмысшыларына барлық қызметкердің жалақысын шамамен 25%-ға қысқартуды көздеп отырғанын хабарлады.

Жұмысшылардың еңбекақысы биылғы жылдың 1 тамызынан бастап қысқартылмақ. Комбинаттағылар кәсіподақтардың көшбасшыларымен жүргізілетін келіссөздер көз ұзамай басталатынын атап өтті. Компания басшылығы мұндай байламға не себепті тоқтап отырғанын түсіндіру мақсатында үкімет мүшелерімен жеке кездескен.

"Мұндай мәлімдеме жасау маған да ұнап отырған жоқ. Алайда біздің барлық мүдделі тарап, әсіресе компания үшін қымбат қызметкерлердің мынаны білгені маңызды. Біріншіден, компанияның тұрақты болашағы үшін шығынды азайту қазіргі таңда өте қажетті шара болып отыр. Екіншіден, көптеген жұмыс орындарын қысқартқаннан гөрі бұл шешім әлдеқайда тәуірірек деп санаймыз", - дейді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Виджай Махадеван.

"Бұл хабар біздің қызметкерлерімізге ауыр соғатынын түсінемін. Мұндай қадамға не үшін барып отырғанымызды түсіндіру үшін мен оларға жеке өзім хат жаздым, ал қазір біз келіссөздер мен кездесулер процесіндеміз. Осындай кездесулер барысында біз әр қызметкердің біздің әрекетімізді дұрыс түсініп, менеджментке сұрақ қою мүмкіндігі бар екеніне көзімізді жеткізгіміз келеді", - деп толықтырды ол.

Компаниядағылар металл өндірісі мен көмір және кен өндіру кезінде кәсіпорын қызметіне бірнеше сыртқы факторлар ықпалын тигізетінін, соның салдарынан өндіріс ошағы едәуір шығынға ұшырайтынын атап өтті.

 

 

BNews.kz

 

 

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!