Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары жалғасуда

Фотография - Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары жалғасуда

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, "Нұр Отан" партиясы фракциясының мүшелері өңірлерге сапар шеңберінде Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарын аралауда.

423 0

 ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, "Нұр Отан" партиясы фракциясының мүшелері өңірлерге сапар шеңберінде Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарын аралауда. 
Бұл туралы "Нұр Отан" партиясының баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жанат Жарасов және Ерсұлтан Бектұрғанов "Нұр Отан" партиясы Павлодар облыстық филиалында болып, партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айзада Құрмановамен кездесті. Кездесу барысында "Нұрлы жол" бағдарламасы мен партияның Сайлауалды тұғырнамасының Павлодар облысында жүзеге асырылуы мәселелерін талқылады. Сонымен бірге, Мәжіліс депутаттары партия филиалындағы еңбек жағдайымен танысты.

"Нұр Отан" партиясының облыстық филиалы кадрлармен, қажетті техника және жайлы еңбек жағдайымен толық қамтылған. Бұл жөнінен бізде ешқандай қиыншылықтар жоқ. Бізде конференциялар, дөңгелек үстелдер, отырыстар мен өзге де шаралар өткізуге лайық мәжіліс залдарымыз бар", - деді А. Құрманова.

Ал, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Анатолий Маковский мен Роман Ким жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болды. Мәжілісмендердің сапарларын ауыл техникаларын жөндеуге мамандандырылған, жеміс-жидек өсіріп, макарон өнімдерін дайындайтын "Ғасыр Айыртау" ЖШС барудан бастады. Депутаттар өндіріс орнының әмбебаптығы мен өндіріс мөлшерін атап өтіп, кәсіпорын қызметіне жоғары баға берді.

Сонымен қатар, депутаттар ана-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Айыртау мектеп-интернатының ұжымы және тәрбиеленушілерімен  кездесті. 

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!