Бүгін Қазақстанның бірнеше өңірлерінде аптап ыстық болады

Фотография - Бүгін Қазақстанның бірнеше өңірлерінде аптап ыстық болады

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.

196 0

Бүгін еліміздің солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жел екпіні күшейеді. Солтүстікте және шығыста кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, Қазақстанның қалған территориясында жауын-шашын болмайды.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы, таңертең және күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтобе облысының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!