ШҚО-да "МАЗ" және "HOWO" жүк көліктері құрастырылады

Фотография - ШҚО-да "МАЗ" және "HOWO" жүк көліктері құрастырылады

Шығыс өңірінде "МАЗ" және "HOWO" өнімдерін шығару жобасы жүзеге асырылады.

153 0

Шығыс өңірінде "МАЗ" және "HOWO" өнімдерін шығару жобасы жүзеге асырылады. Аталған ин­вестициялық жобаны іске асы­рудың өңір үшін стратегиялық маңызы зор. Яғни, осы арқылы 200-ге жуық қосымша жұмыс орны құрылып, салық түсімі жылына 300 млн. теңгеден астам қар­жыға артады.

Өңір басшысы Даниал Ахметовтің Семей қала­сына жасаған жұмыс сапарында "Семей машина жасау зауыты" АҚ директоры Нұрлан Омаров осылай деді. Кәсіпорын базасында "МАЗ" автотехникасын құрастыру өнді­рісін жолға қою зауытты қайта жаңғыртуға, құрал-жабдықтармен жарақтандыруға және өндірісті дамытуға, ең бастысы, жұмыс орнын арттыруға қолайлы жағдай жасайды. Кәсіпорын басшылығының айтуынша, зауыттың 8-ші автокөлік құрастыру конвейерінде дайындау, сырлау және көлік шанағын орнату, толық тексеруден өткізу және дайын автокөлікті сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілмек. Сондай-ақ, кәсіпорынның өндіріс алаңында қытайлық "HOWO" жүк көлігін құрастыру жоспарланып отыр.

Бүгінде "Семей машина жасау зауыты" АҚ-та 250-ге жуық адам жұмыс істейді. Олардың орташа еңбекақысы 90 мың теңгені құрайды. Зауыт шынжыр табанды тартқыш техникалар мен оған қажетті қосалқы автобөлшектер, есік қақпағы, жылжымалы теміржол құрамына арналған борт, такелаждық жинақ, фрезерлі-роторлы қар тазалағыш, жүк автокөлігінің шанағы, МАЗ тіркемесі және КамАЗ көліктеріне арналған борттық платформалар шығарады. Сонымен қатар, арнаулы техникаларды жөндеу қызметін ұсынады. Айта кеткен ләзім, зауыт өнім­дері Қазақстанда ғана емес, Ресейде де үлкен сұранысқа ие. Елі­мізде аталған кәсіпорынның өнім­дерін көбінесе Қорғаныс министр­лігі, Шекара қызметі, "Қазақ­стан темір жолы" ҰК" АҚ, "Қам­қор-вагондар" ЖШС, "Қазте­міртранс" АҚ және басқа да ірі мем­лекеттік құрылымдар мен кәсіп­орындар тұтынады.

 

 

egemen.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!