Маусым айында Қазақстанда ең көп сатылған көлік түрі анықталды

Фотография - Маусым айында Қазақстанда ең көп сатылған көлік түрі анықталды

2015 жылдың маусымында Қазақстан аумағында ең көп сатылған көлік түрлері анықталды.

136 0

2015 жылдың маусымында Қазақстан аумағында ең көп сатылған көлік түрлері анықталды.

Жалпы өткен 6 айда елімізде көліктер 30,76%-ға кем сатылған, ал - бұл өткен жылғы сол уақытпен салыстырғанда аз, деп хабарлайды motor.kz.

Бұл жартыжылдықта сауда аса мардымды болмаған. Себебі жыл басынан бері ресми дилерлеріміз 53 083 жаңа көлік сатқан, оның арасында коммерциялық техника да бар. Ал 2014 жылы сол уақытта 76 666 су жаңа көлік сатылыпты (-30,76%).

Рубль бағамының ауытқуы мен жеке тұлғаларға ҚҚС-тың алынып тасталуы және Ресейден арзан темір тұлпарлар легінің ағылуы аясында Қазақстанның өзінде жасап шығарылған 9 081 көлік сатылды. Бұл өткен жылғыға қарағанда 42,79%-ға төмен (2014 жылы 15874 көлік сатылды). Көлікке жеңілдетілген несие беру бағдарламасының арқасында темір тұлпарлар мамыр айында ең көп сұранысқа ие болған екен.

 


24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!