Алдағы күндері Қазақстан аумағында күн ыстық болады

Фотография - Алдағы күндері Қазақстан аумағында күн ыстық болады

Қазақстанда 31 шілде мен 1 тамыз аралығында ауа температурасы тағы да +30…37º дейін көтеріледі, еліміздің батысы мен орталығында, оңтүстігінде +38…42º болады.

95 0

Қазақстанда 31 шілде мен 1 тамыз аралығында ауа температурасы тағы да +30…37º дейін көтеріледі, еліміздің батысы мен орталығында, оңтүстігінде +38…42º болады.

Қазгидрометтің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, жылдың ең жылы айы – шілденің аяқталуына санаулы күндер қалды, алайда елімізде аптап ыстықтың беті әлі де қайтар емес. Суық атмосфералық ағымдар мен Батыс Сібір аудандарынан ығысатын ауаның әсерінен алдағы күндері республиканың солтүстігінде, шығысы мен оңтүстік-шығысында өткінші жауын жауып, аздап күн суытады.

Ал 31 шілде мен 1 тамызда Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады. Сынап бағанасы +30…37º дейін көтеріледі, ал еліміздің батысы мен орталығында, оңтүстігінде кей жерлерде +38…42º дейін ыстық болады.

 

 

BNews.kz.

 


Тегтер:

ауа-райы ыстық

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!