Литвада Мұхтар Әблязовтың балдызы ұсталды

Фотография - Литвада Мұхтар Әблязовтың балдызы ұсталды

Интерполдың іздеуінде жүрген Мұхтар Әблязовтың әйелінің інісі Сырым Шалабаев Литвада ұсталды деп хабарлайды delfi.lt.

141 0

Интерполдың іздеуінде жүрген Мұхтар Әблязовтың әйелінің інісі Сырым Шалабаев Литвада ұсталды деп хабарлайды delfi.lt.

Басылымның хабарлауынша, Сырым Шалабаев 28 шілде күні Литва астанасы Вильнюсте қолға түскен. Бұдан өзге ешқандай мәлімет жоқ.

Айта кетейік, Шалабаевты іздеуге Украина билігі жариялаған болатын. Ол жездесі Мұхтар Әблязовпен бірге Қазақстанда, Ресейде және Украинада бірнеше миллиард долларды жымқырды деп айыпталып отыр. Украинада Сырым Шалабаев 300 миллион долларды қолды етіп, елден қашып кеткен.

2011 жылы Сырым Шалабаев Лондонның жоғары сотымен сотты құрметтемегені үшін 18 айға бас бостандығынан айрылған болатын. 

 

 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!