Қазақстанда астық дақылдарының жаңа сұрыптары көбеймек

Фотография - Қазақстанда астық дақылдарының жаңа сұрыптары көбеймек

Қазақстанда астық пен майлы дәндідақылдармен шұғылданатын шаруашылықтардың әлеуеті жоғары.

346 0

Қазақстанда астық пен майлы дәндідақылдармен шұғылданатын шаруашылықтардың әлеуеті жоғары.

Дегенмен бұл салаға инвестиция тартып, ғылыми-селекциямен айналысу үрдісі өте баяу жүруде. Сондықтан Қазақстан, Беларусь, Украинаның селекциямен шұғылданып жүрген іскер-ғылыми қызметкерлері Шығыс Қазақстанда бас қосып, Глубокое ауданындағы «майлы дақылдар тәжірибе шаруашылығының» егіс алқабына жиналды. Мал және егінмен шұғылданатын шаруашылық соңғы үш жылда бидай мен майлы дақылдардың жаңа түрін жерсіндіруді қолға алған. Соңғы екі жылда күнбағысты будандастыру арқылы жаңадан 6 түрін өсірді. Агрономдардың айтуынша, күнбағыстың жаңа сұрыптары ауа райы құбылмалы шығыс өңірі үшін өте қолайлы. Сапалы тұқым алуға болатыны селекциялық тұрғыда дәлелденген. Күнбағыстан өзге Украина және беларустық әріптестерімен бірлесіп, майлы дақылдардың да бірнеше жаңа сұрпын тәжірибе ретінде өсіре бастаған. Ал жалпы облыста бүгінде тұқым өсірумен шұғылданатын 41 шаруашылық бар.

Ришат Ахмадиев, «Майлы дақылдар тәжірибе шаруашылығы» ЖШС директоры:

 - Біз бүгінде шаруашылықтың егістік алқабында бидайдың 32 түрін өсіреміз. Олардың басым бөлігі – жаздық және күздік бидай. Бұл – Беларусьтың, Украинаның және канадалық селекционер мамандармен бірілесіп жасаған жұмыстың жемісі. Қазір де ғылми-селекциялық ізденіс үстіндеміз. Біз алғашқы үш жылда тәжірибе жасап, одан соң өңірдегі басқа шаруаларға бидай тұқымының жаңа әрі сапалы түрін береміз.

 Николай Афанасьевич, Қазақстан-Беларусь бірілескен шаруашылығының жетекшісі:

- Біз бұл шаруашылықпен, тәжірибе алмасып жұмыс істеп келе жатқанымызға 2 жылдан асты. Бірілесіп атқарған селекциялық жұмыс нәтижесін берді. Бидайдың жаңа түрінің түсімі 70%-ға артты. Тек егін емес сүт өндіруде де жаңа инновациялық технологияларды қолға алдық. Яғни астық және мал азығын дайындау бойынша да селекциялық жұмыстар жасала береді.
 


24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!