Алматы Олимпиада ойындарын өткізуге 80% дайын

Фотография - Алматы Олимпиада ойындарын өткізуге 80% дайын

Бұл туралы Куала-Лумпурда өткен баспасөз мәлихатында қала әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді

370 0

Бұл туралы Куала-Лумпурда өткен баспасөз мәлихатында қала әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді. Екі күннен бері «Алматы-2022» Олипиадалық комитет дирекциясы журналистермен баспасөз мәслихатын өткізіп, алып қаланың мүмкіндіктері жайлы толық ақпарат беруде. Оған қоса халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің еліміздің оңтүстік астанасы жайлы жан-жақты мәлімет білуге, танысуға деген құлшыныстары жоғары. Тіпті шетелдік тілшілер шара басталардан бұрын ерте келіп, қызығушылықтарын жасырмады. Оларды байрақты бәсекені өткізуге дайындық жұмыстары, бөлінген қаржы және қонақтарға қандай бағдарламалар әзірленгені қызықтырады екен. Айта кетейік, Алматыда салынған спорт нысандары заманауи үлгіге сай болғандықтан, Олимпиада комитетінің қойған үдесінен шықты.

 Күні ертең Халықаралық Олимпиада комитетінің әділ қазы алқалары жеңіске үміткер Алматы мен Пекин қалаларының тұсаукесерін тамашалайды. Баспасөз конференциясынан кейін журналистерге арнайы берген сұхбатында Ахметжан Есімов тұсаукесер туралы барлық құпияларды ашпаса да, қаланы таныстыру мәртебесі кімге бұйырғанын айтып берді.
 


24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!