ҚР ӘӘК ұшқыштары алғаш рет парашютпен суға секірді

Фотография - ҚР ӘӘК ұшқыштары алғаш рет парашютпен суға секірді

Балқаш қаласындағы авиациялық оқу-жаттығу орталығының базасында ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК ұшу құрамымен, іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызмет мамандарының қатысуымен парашют даярлығы бойынша жиындар өтті

139 0

Балқаш қаласындағы авиациялық оқу-жаттығу орталығының базасында ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК (Әуе қорғаныс күштері, әскери-әуе күштері) ұшу құрамымен, іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызмет мамандарының қатысуымен парашют даярлығы бойынша жиындар өтті. Ұшқыштар бірінші рет парашютпен су бетіне секіруді орындап, су тасқынынан кейін қысылтаяң тіршілік жөніндегі іс-қимылды пысықтады.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, суға парашютпен секірудің өзіндік ерекшеліктері мен қиыншылықтары бар. Ұшқыш өзінен талап етілетін жоғарғы моральдық-жігерлік және психологиялық қасиеттер, тәртіп, барлық қауіпсіздік шаралары жөніндегі даярлық және оны сақтай білуі сияқты бірнеше факторлар кешені бойынша сыналады.

«Біздің экипаждар Каспий теңізінен, Балқаш көлінен және басқа да қазақстандық су қоймаларынан ұшып өтеді. Суға секіру жаттығулары жауынгерлік даярлық курсында қарастырылған. Аталған жаттығулар ұшқыштарға ұшу апараттарын тастап кету мәжбүрлігі кезінде құтқару құралдарын пайдалану дағдыларын пысықтайтын болса, ал іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызмет мамандары апатты басынан өткерген адамдарды көшіру кезіндегі қажетті міндеттерді орындайтын болады», - деді ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызметтің бастығы майор Ержан Әбдіков. Содан кейін ұшқыштар апаттан кейінгі іс-қимыл алгоритмін, өздерінің орналасқан жерін анықтау, жарық дабылы құралын пайдалану, жерлерді бүркемелеу және қарсыластың ізіне түсуде алға ілгерілеуді орындау жұмыстарын пысықтады.

 

 

BNews.kz.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!