2017 жылға дейін Астанада қосымша 73 қонақ үй салынады

Фотография - 2017 жылға дейін Астанада қосымша 73 қонақ үй салынады

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дейін Астанада қосымша 73 қонақ үй салынатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" кеңесшісі Роза Асанбаева мәлім етті.

215 0

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дейін Астанада қосымша 73 қонақ үй салынатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" кеңесшісі Роза Асанбаева мәлім етті.
Ұлттық компания өкілінің сөзіне қарағанда, Инвестициялар және даму министрлігінің зерттеулері бойынша халықаралық көрмені тамашалауға шамамен 2,1 млн адам келетіні болжанып отыр. Оның ішінде 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі арасында өтетін шараға шамамен 300 мыңға жуық шетелдік туристер қатысатыны да күтіледі.

"Ұлттық компанияның зерттеуі бойынша қызмет көрсететін қонақ үйлердің жалпы бөлмелер қоры 6,3 мыңға тең келеді. Соған орай, 2017 жылға қарай қосымша тағы 73 қонақ үй салынады", деді ҰК өкілі.

Айта кетерлігі, халықаралық тәжірибе көрсеткеніндей, ЭКСПО секілді халықаралық көрмелер өткізу туризм саласын ғана емес, сонымен бірге экономиканың басқа да салаларын дамытуға қозғау салады. Статистикаға сәйкес 1 турист өзі келген ел аумағында 1,5 мың долларға жуық қаржыны жұмсап, шамамен 6-12 адамды жұмыспен қамтамасыз ететіндей әсер береді.

"Біз Алматыда "KITF-2015" көрмесін өткізу аясында ірі туроператорлардан сауалнама жүргізген едік, онда респонденттер ЭКСПО көрмесіне 100 пайызға қызығушылық танытып отыр.Сонымен қатар, шетелдік қана емес, отандық туроператорлар тарапынан да қызығушылық арту үстінде. Қазірден бастап, қоңырау шалынып, келісімшарттар жасауға өтініш айтып жатқандар да баршылық. Әсіресе, біз өзімізді Миланда өткен көрмеде жақсы көрсете алдық деп ойлаймын», деді Р. Асанбаева. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!