Қазақстан Қарулы Күштері халықаралық әскери ойындарға қатысады (ФОТО)

Фотография - Қазақстан Қарулы Күштері халықаралық әскери ойындарға қатысады (ФОТО)

Қазақстан Қарулы Күштерінің командасы бірінші Армиялық халықаралық ойындарына қатысады.Кеше ресми түрде бірінші Армиялық халықаралық ойындары – 2015 басталды.

675 0

Қазақстан Қарулы Күштерінің командасы бірінші Армиялық халықаралық ойындарына қатысады.Кеше ресми түрде бірінші Армиялық халықаралық ойындары – 2015 басталды.

Салтанатты ашылу рәсімі бірнеше эпизодта жерде және аспанда Мәскеу облысының «Алабино» полигонында өтті. Көрермендер Көне Грекияның тарихын көрді, «Батырлық даңқ» парақтарын еске түсірді, «Танк балеті» бірегей шоуы, ресей армиясы жауынгерлік техникасының парадтық шеруі мен «Ресей сайыпқырандары» жоғары пилотажды топтардың өнеріне куә болды. Рәсім соңында парадтық саппен Халықаралық армия ойындары – 2015 қатысушы командалары адымдап өтті.

– Бірінші халықаралық армия ойындары – 2015-ке 17 мемлекет Қарулы Күштерінің мықты өкілдері жиналды. Екі апта ішінде тамыздың 1-і мен 15-і аралығында 57 команда құрамында олар далалық, әуе және теңіз дағдысында мықты деген атаққа бақ сынасатын болады. Ойын барысын Еуропа, Азия, Африка және Латын Американың алты елінен тәуелсіз бақылаушылардың 20 тобы қадағалайды. Қазақстанның Қарулы Күштерін ірі халықаралық жарыста үш әскер түрлерінің 200-ден астам әскери қызметшісі атын шығарады. Олар "Танк биатлонында", "Авиадартс» және "Каспий теңізінде" (теңіз биатлонында) өнер көрсетеді. "Танк биатлоны" біздің команда үшін тың жаңалық емес. Әр сайын даңыл жол кеңейіп, күрделі болып келеді. Өткен жылы танк биатлонында екінші орын алдық. Осы жылы да жүлделі орынға үміттіміз. Бір жыл бойы қызу дайындалдық.  "Авиадартсты" айтатын болсақ, оған бірінші рет қатысып отырмыз. Біздің мықты экипаждар көрсетеді, жақсы нәтижелерге дәмеліміз", - деді ашылу рәсімінде ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.

Қатысушылардың саны жағынан армиялық ойындардың ең ірі жарысы "Танк биатлоны" болады. "Алабино" полигонында қазақстандық танкішілерге Ресей, Қытай, Үндістан, Ангола, Венесуэла, Кувейт, Монғолия, Никарагуа, Армения, Сербия, Тәжікстан және Қырғызстанның танкті экипаждарымен сайысуға тура келеді. Бұл уақытта Рязань облысының "Дубровичи" полигонында "Авиадартс" байқауы басталады. Қазақстан ӘӘК ұшқыштары МиГ-29, Су-25, Су-27 және Ми-8-де ұшақтар және тікұшақтармен өздерінің ұшу шеберліктерін көрсетіп, Ресей, Беларусь және Қытайдың ұшу экипаждарымен «аспан қожайындары" атағына күресетін болады. Ал Каспийдің ресей су айдындарында бұл сәтте теңізшілеріміз "Сарыарқа" және "Орал" зымыран-артиллериялық корабльдерінде және "Батыс" ӨңҚ теңіз жаяу әскерлерінің бригадасы теңіз биатлонында шеберлік үшін сайысады.

Ережеге сәйкес бірінші Армиялық халықаралық ойындары – 2015 жеңімпаздары әр байқаудың қорытындысы, сондай-ақ жалпы командалық сынақта айқындалады. Марапаттау үшін 480 жиынтық медаль мен 14 кубок дайындалды. Ойындардағы ортақ жеңіске жеткен командаға Армиялық халықаралық ойындарының бас кубогы табысталады.  

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!