Қазақстан Литвадан Әбіләзовтің қайнысын елге беруді өтінеді

Фотография - Қазақстан Литвадан Әбіләзовтің қайнысын елге беруді өтінеді

Қазақстанның бас прокуратурасы Литваға Сырым Шалабаевты елге қайтару жөнінде өтініш жібереді. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" хабарлады.

275 0

Қазақстанның бас прокуратурасы Литваға Сырым Шалабаевты елге қайтару жөнінде өтініш жібереді. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" хабарлады.

"Қазіргі таңда бас прокуратура жемқорлыққа қарсы қызметпен бірге 1994 жылдан бергі Қазақстан мен Литва арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер жөніндегі құқықтық көмектер мен қарым-қатынасқа байланысты келісім-шартқа орай Литваның құзыретті органына Шалабаевты экстрадициялау жөнінде өтініш дайындап жатыр", – делінген хабарламада.

Қазақстанда Шалабаевқа қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Ол "БТА Банк" акционерлік қоғамының 175 миллион теңгесін заңсыз иемденді деген күдікпен іздестіріліп жатыр. Бас прокуратураның мәліметінше, ол Мұхтар Әбліләзовтің жетекшілігімен құрылған топпен осындай қылмысқа барған.

Шалабаев 28 шілдеде Вильнюсте ұсталды. 30 шілдеде Вильнюстің жергілікті соты оны 3 айға қамауға алу туралы шешім шығарды. 2011 жылы Сырым Шалабаевты сотқа құрметтемегені үшін Лондонның жоғарғы соты 18 айға бас бостандығынан айыру туралы жаза кескен. Бірақ ол соттың қарауына ілікпей, қашып кеткен болатын. Осыған байланысты оған іздеу жарияланды.

Еске сала кетейік, Сырым Шалабаевқа Украина билігінің сұранымы бойынша іздеу жарияланған болатын. Ол өзінің жездесі, "БТА Банктің" экс-басшысы Мұхтар Әбіләзовпен секілді бірқатар тұлғалармен бірге Қазақстанда, Украинада, Ресейде және басқа елдерде бірнеше миллиард доллар сомасындағы қаражатты бас пайдаларына алып, жаратты деп айыпталып отыр. Соның ішінде Шалабаев Украинада 300 миллион доллардың мүлкін жаратқан делінеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!