Елбасы бірқатар заңдарға қол қойды

Фотография - Елбасы бірқатар заңдарға қол қойды

ҚР Президенті бірқатар заңдарға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

188 0

ҚР Президенті бірқатар заңдарға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Атап айтқанда, Елбасы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жүйесін жақсартуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!