Жақын күндері аптап ыстықтың беті қайтады

Фотография - Жақын күндері аптап ыстықтың беті қайтады

"Қазгидромет" РМК 4-6 тамыз күндері Қазақстан аймақтарында ауа температурасының біртіндеп төмендейтіні туралы хабарлап отыр.

187 0

"Қазгидромет" РМК 4-6 тамыз күндері Қазақстан аймақтарында ауа температурасының біртіндеп төмендейтіні туралы хабарлап отыр.

Тамыздың алғашқы күндері Қазақстанның батыс аймағында болған +40...44º ауа температурасы әуелі солтүстік-батыс, содан кейін солтүстік ауа ағындарының әсерінен басылады.

Таяу тәуліктерде республиканың батысы мен солтүстігінде ауа температурасының төмендеуі күтіліп отыр. 6 тамыз күні суық атмосфералық ағынның өтуімен Қазақстанның батыс, солтүстік және орталығының кей жерлерінде жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендей бастайды.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында алдағы тәуліктерде өте қатты ыстық болады, күндіз ауа температурасы +40..43º-қа дейін көтеріледі, бірақ 5-6 тамызда оңтүстік-батыс ағындар солтүстік-батыс ағындарға ауысып, ыстық күн райы біртіндеп басылады. 

 

ҚазАқпарат


Тегтер:

аптап ыстық

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!