СҚО әкімі облыс орталығындағы құрылыс барысымен танысты

Фотография - СҚО әкімі облыс орталығындағы құрылыс барысымен танысты

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов Петропавл қаласына жасаған сапары барысында облыс орталығының құрылыс алаңдарында болды. Бірінші кезекте өңір басшысын балабақшалардың құрылысы қызықтырды, - деп хабарлайды аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі.

251 0

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов Петропавл қаласына жасаған сапары барысында облыс орталығының құрылыс алаңдарында болды. Бірінші кезекте өңір басшысын балабақшалардың құрылысы қызықтырды, - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жұмысшылар ауылында 320 орындық мектепке дейінгі білім беру мекемесін мемлекеттік-жеке серіктестік аясында "Севказэнерго" акционерлік қоғамының өкілдері салуда. Құрылысқа 70 адам жұмылдырылған, тамыз айынан бастап, инженерлік желілер салынып, тамыздың соңына дейін қабырғалары қаланатын болады.


СҚО-ның әкімі құрылыс қарқынын белсендендіруді тапсырды. "Қыркүйек айының соңында кең ауқымды құрылысқа көшіп, қосымша желілерді отырғыза беру керек. 15-қыркүйек пен 15-қазан аралығында абаттандырумен байланысты жұмыстарды атқарылуы тиіс",-деді ол.


Алматы көшесінде орналасқан тағы бір құрылыс алаңында 280 орындық балабақша салынуда. Өңір басшысы құрылыс жұмыстарының қарқыны жаман емес екендігін, алайда инженерлік желілерді отырғызу жұмыстарына тиісті көңіл бөліп, қыркүйек пен қазан айлары аралығында абаттандырумен айналысу қажеттігін ескертті.


Е.Сұлтанов 200 орындық балабақша салып жатқан "Петрострой-Люкс" компаниясының жұмысын жақсы бағалады. Бүгінде онда кәріз жүйелері мен су құбырын жүргізу жұмыстары аяқталып, жылу желілері орнатылуда. Бұл көшеде 65 сәбиді қабылдай алатын "Баларман" деген атаумен тағы бір балабақша пайда болады. Қазіргі таңда ғимаратты жөндеу жұмыстары толық қарқынмен жүріп жатыр, ішкі жөнду жұмыстары аяқталып, жерасты жолдарына қатысты шаралар атқарылуда.
Аймақ басшысы солтүстікқазақстандықтарға арнап салынған тұрғын үйлердің барысымен де танысты. "Юбилейный шағын ауданында "Қазақстан несие компаниясы" желісімен 126 және 72 пәтерлік екі көпқабатты үй бой көтеретін болады. Береке шағын ауданында 55, 70, 90 және 93 пәтерлік бірнеше көпқабатты үй тұрғызылады. Ал Петропавл қаласында жас отбасылар үшін екі жатақхана тұрғызылады",-делінген баспасөз мәліметтерінде. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!