Қазақстанның Аэроұтқыр әскерлері жауынгерлік шеберліктерін шыңдауда (ФОТО)

Фотография - Қазақстанның Аэроұтқыр әскерлері жауынгерлік шеберліктерін шыңдауда (ФОТО)

Парашюттерді төсеу және шоғырлану, топографиялық карталарды құру, алғашқы медициналық көмек көрсету, жауынгерлік оқ атулар, кедергілер жолағы мен химиялық және радиациялық ластанулармен зақымдалған аймақты еңсеру, таулар және өзен арқылы жүгіру, түнгі рейд.

371 0

Парашюттерді төсеу және шоғырлану, топографиялық карталарды құру, алғашқы медициналық көмек көрсету, жауынгерлік оқ атулар, кедергілер жолағы мен химиялық және радиациялық ластанулармен зақымдалған аймақты еңсеру, таулар және өзен арқылы жүгіру, түнгі рейд. Осылайша, Қазақстан Аэроұтқыр әскерлерінің бөлімшелері өздерінің жауынгерлік шеберліктерін шыңдауда.

Практикалық сабақтар 35-ші десанттық-шабуылдау бригадасының базасында өрістетілді. Бір апта бойы қазақстандық десантшылар өздерінің шынайы жауынгерлік мүмкіндіктерін сынады, жедел ден қою, кенеттен туындайтын оқу және жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін қажетті кәсіби дағдыларын жетілдірді. Осы уақыт ішінде әрбір жауынгер әртүрлі жер бойынша ондаған шақырым күрделі соқпақ жолдарды еңсерді, шартты жау тылына шоғырлана отырып тапсырманы орындады және өзінің кәсібилігін дәлелдеді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!