Қостанай әкімі екі бірдей орынбасары парамен ұсталған соң, “шок” алғанын айтты

Фотография - Қостанай әкімі екі бірдей орынбасары парамен ұсталған соң, “шок” алғанын айтты

Қостанай қаласының әкімі Ахметбек Ахметжанов екі бірдей орынбасары жемқорлыққа жол берген соң, өзінің "шок" алғанын айтты.

457 0

Қостанай қаласының әкімі Ахметбек Ахметжанов екі бірдей орынбасары жемқорлыққа жол берген соң, өзінің "шок" алғанын айтты.

Бұл туралы Наша газета басылымына сілтеме жасап nur.kz хабарлайды.

"Мен бұл туралы не айта аламын? Мен үшін бұл оқиға үлкен «шок» болып отыр. Өзім де түсіне алмай отырмын. Басқа айтарым жоқ", – деді Ахметжанов.

Еске сала кетейік, Қостанай қаласы әкімінің орынбасарлары Мақсұт Қалиев пен Фрунзик Аракелян сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін құрықталған болатын.

1 тамыз күні Мақсұт Қалиев "Премиум Палас" мейрамханасының маңында 13 млн теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталды.

Ал Фрунзик Аракелян жемқорлыққа қатысы болғаны үшін қамауға алынған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!