ҚР білім гранттарының иегерлері жетінші тамызда белгілі болады

Фотография - ҚР білім гранттарының иегерлері жетінші тамызда белгілі болады

Нәтижелер республикалық газеттер беттері мен ҚР БҒМ сайтында жарияланады

197 0

5 тамыз күні Қаақстанда ҚР білім және ғылым министрлігінің басшысы Аслан Сәрінжіповтың төрағалығымен білім гранттарын беру бойынша Республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын бастады. Министр биыл қанша грант бөлінгенін және олардың иегерлерінің тізімін қашан білуге болатыны туралы айтып берді, деп хабарлайды Today.kz.

 «Биылғы жылы мемлекет жоғарғы орындарында білім алу үшін 32 168 грант бөлді. Бұл жылы ҰБТ көрсеткіштері жоғары, нәтижесінде конкурсқа 67 377 бала түседі. 32 гранттың үштен бірі техникалық мамандықтарға, алты мыңы педагогикалық мамандықтарға, 2 690 грант ауылшаруашылық мамандықтарға бөлінеді», - дейді министр.

Сондай-ақ министр, қазақ тілді мектептердің түлектер санына байланысты гранттардың 78 пайызы (53 162 адам), ал қалған 22 пайызы (14 215)  орыс тілінде оқитын студенттерге қарастырылғанын атап өтті.

 «Барлық нәтижелер БАҚ беттерінде – республикалық газеттерде жарияланады. Нәтижелер комиссия отырысынан кейін бірден белгілі болады, яғни, екі күннен кейін. Ақпарат Білім және ғылым министрлігінің сайтына да орналастырылады», – дейді Аслан Сәрінжіпов.

32 168 гранттың 2 500 ЖОО-лардың дайындық курсына бөлінген. 29168 орын күндізгі , ал 500 орын сырттай бөлімге қарастырылған. Конкурстық негізде анықталған 60 оқу орыны білім гранттарын орналастыру құқығын алды.   



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!