Биыл қажылық сапар 11 қыркүйекте басталады

Фотография - Биыл қажылық сапар 11 қыркүйекте басталады

2015 жылғы қасиетті қажылық сапары 11 қыркүйекте басталады, деп хабарлайды Мүфтияттың баспасөз қызметі.

121 0

2015 жылғы қасиетті қажылық сапары 11 қыркүйекте басталады, деп хабарлайды Мүфтияттың баспасөз қызметі. 

ҚМДБ Қажылық Миссиясының өкілдері Сауд Арабия Қажылық министрлігінің лауазымды қызметкерлерімен кездесу өткізіп, қажылық сапарына қатысты туындаған кейбір мәселелер төңірегінде келіссөздер жүргізді. Қазақстандық делегация бұған дейін қажылыққа байланысты (ұшу кестесінің қолайсыздығы, қажылық сапарының 30 күнге созылуы, тікелей рейстің болмау себебінен халықаралық әуежайларда 16 сағатқа дейін күту, билет бағасының көтерілуі, т.б.) төңірегінде туындаған мәселелерді отандастарымыздың пайдасына шешуге қол жеткізді. Сонымен қатар, биыл қажылық сапары 2015 жылдың 11 қыркүйегінен басталатыны хабарланып отыр.

«Қажылық – құлшылық ету деген сөз. Қажылық сапарын туризммен немесе табыс табу көзімен байланыстыруға болмайды. Алайда қажылық талаптары мен ережелерін қатаң сақтауды да ұмытпауымыз тиіс. Көптеген мұсылман елдерінде қажылық сапарын сол мемлекеттің ресми мүфтияты, яғни Діни басқармасы ұйымдастырады. Мұндай жүйе Түркияда бұрыннан қалыптасқан. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі орта және кіші кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосу мақсатында қажылық сапарының ұйымдастыру жұмыстарын 20 қажылық фирмалардың құқығына берген. Діни басқарманың ұстанымы – ашық нарық жүйесін одан әрі дамыту, қажылықтың ұйымдастыру жұмыстарын белгілі бір құрылымның жекеменшігіне айналдырмау, қажыларға көрсетілетін қызмет сапасын жоғары деңгейге жеткізу, қажылық маусымында әділ әрі ашық жұмыс жүргізу жүйесін қалыптастыру. Мүфтият осы мүдделер тұрғысынан талап қояды және оның жүзеге асуын бақылайды»,-делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, ҚМДБ Қажылық Миссиясының негізгі міндеті – қажылық маусымында атқарылатын діни рәсімдерді, құлшылық ету тәртіптерін түсіндіру, діни сауаттандыру жұмыстарын жүргізу, қажыларға қолайлы жағдай жасау шараларын үйлестіру. Қажылық сапарын ұйымдастыруда ТМД мемлекеттерімен салыстырғанда, ҚМДБ Қажылық Мисияссының мүмкіндігі мол. Діни басқарма осынау мүмкіндікті тиімді пайдалана отырып, еліміздің игілігі, бірлігі мен ынтымағы жолында жан-жақты қызмет ете береді.

 


Тегтер:

қажылық

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!