Алматыда төтенше жағдай келесі аптада алынады

Фотография - Алматыда төтенше жағдай келесі аптада алынады

Алматы әкімі селден кейінгі қалыпқа келтіру жұмыстарының барысын тексеріп қайтты

159 0

Алматы әкімі селден кейінгі қалыпқа келтіру жұмыстарының барысын тексеріп қайтты. Әкім су қақпасының сүзгі станциясында, насосты станция мен су бөгетінде болды, деп хабарлайды Today.kz Алматы қаласыәкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қала басшысы сел кезінде зардап шеккен тұрғындар пікірін тыңдады. Өз кезегінде тұрғындар ТЖ салдарын жоюда барлық құрылымдардың ретті жұмысы үшін алғыстарын білдірді.

 «Төтенше жағдай апта соңына дейін сақталады. Қалпына келтіру жұмыстары уақыт кестесі бойынша жүріп жатыр. Қарғалы өзені бойындағы көшелер тазартылды. Барлық үйлер табиғи газ, электроэнергия және байланыспен қамтамассыз етілді. Су беру қысқа мерзімде қалыпқа келтіріледі», - деді әкім.

Наурызбай ауданында техникалық, бақшаны суғару мен кір жуу сияқты қажеттіліктерді өтеу үшін су беруін күтіп отыр. Судың әлі тұнықталмағыны себепті ауданға күнініе 500-550 кубометр ауызсу жеткізіледі. Суды толықтай тазаланғаннан кейін қосады деп күтілуде.

Еске салсақ, шілденің 22-нен 23-не қараған түні Алматының Наурызбай ауданында сел жүріп,  қала әкімі Ахметжан Есімов ТЖ жағдай жариялаған болатын. ҚР ІІД ТЖК хабарлағандай қазір Қарғалы өзенінде сел қаупі жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, селден Алматыда 456 үй, 44 көше зардап шеккен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!