ОҚО-да жас жұбайлар неке қию күні ажырасқан

Фотография - ОҚО-да жас жұбайлар неке қию күні ажырасқан

Today.kz редакциясы әртүрлі жас аралықтағы жұптардың неке қиюы, қай жаста отау құру және де Қазақстанның қай өңірлерінде ең көп неке қиюмен ажырасу жөнінде ақпараттық графика ұсынады.

1573 0

Today.kz редакциясы әртүрлі жас аралықтағы жұптардың неке қиюы, қай жаста отау құру  және де Қазақстанның қай өңірлерінде ең көп неке қиюмен ажырасу жөнінде ақпараттық графика ұсынады.  Мәліметтер ҚР Ұлттық Экономика Министрлігінің статистика комитеті және ҚР Әділет Министрлігінен алынған.

ҚР Ұлттық Экономика Министрлігінің статистика комитетінің мағлұматына қарағанда, 2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда нағыз тұрмыс құратын жас: ерлер үшін 25-29 жас (57 935 некелесу), әйелдер үшін – 20-24 жас (73 645 некелесу). Сонымен қоса 500 ден аса зейнеткерлердің некелесуі тіркелген және жас аралығы 40 жылды құрайтын 5 некелесу де бар.

Ең көп некелесу 20-24 жас аралығында (ермен, әйелде) – 35940. 25-29 жаста (күйеу) және 20-24  жаста (қалыңдық) некелесу азырақ, мұндай некелер 30611.

Айта кету керек, некеге тұру жасының қала мен ауылдарды айырмашылығы бар. Егер қалалық күйеу жігіттердің жасы 25-29 жасты құраса, ауылда олар жасырақ – 20-24 жас.

Егде адамдардың некелесуі де жиі кездеседі. Тіпті 60 және одан жоғары жастағылар өздерінен жастау (55-59) жастағы ерлерге қарағанда жиі некелеседі – 1 354 пен 1 261 сәкесінше. Егде жастағы ерлердің жас жағынан кіші әйел затына үйленуді көздемейтінін де айта кеткен жөн. Осылайша, 1 354 ердің 516-сы өзімен жасты – 60 жас шамасындағы әйелдерге үйленген. Тағы бір айта кетер жай, Қазақстанда жұбайлардың арасындағы жас айырмашылығы 40 жылды құрайтын бес неке тіркелеген.

Ал ең ерте жастағы некелерге келер болсақ, кәмелетке толмағандар арасында 42 неке (оның оны айылдық жерде) тіркелген.

Жас айырмашылығы үлкен айырмашылығы бар некелер бойынша 55-59 және 60 жастан асқан ерлер, 40 пен 50-ге дейінгі жастағы ерлерге қарағанда кәмелетке толмаған қыздарға жиірек үйленеді екен. Оның үстіне егде жастағы ерлер 18-19 жастағы қыздарға қарағанда мүлдем жас қыздарды қалайтын көрінеді. Мұндай некелер қалалық жерде тіркелген. Ауылдық жерлерде кәмелетке толмаған қыздарға үйленген ерлердің жасы 39-дан аспайды.

Мұнымен қоса, ҚР қалаларында жасы үлкен әйелдер кәмелетке толмаған жігеттерге үйленген жағдайларда тіркелген. 45-49 жастағы әйелдермен төрт неке, 40-44 жастағы –екі неке және 35-39 жастағы әйелдерден – екі неке. Сонымен қатар, тұрмыс құрушы әйелге 60 жас, ал ерлердің жасы 35-39 құрайтын некелер саны төртеу.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!