6 тамыздан бастап қырғыз-қазақ шекарасындағы кедендік бақылаудың күші жойылады

Фотография - 6 тамыздан бастап қырғыз-қазақ шекарасындағы кедендік бақылаудың күші жойылады

6 тамызда Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуы туралы шарт күшіне енеді. Қырғызстан Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресеймен қатар Еуразиялық экономикалық одақтың толыққанды мүшесі атанады.

126 0

6 тамызда Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуы туралы шарт күшіне енеді. Қырғызстан Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресеймен қатар Еуразиялық экономикалық одақтың толыққанды мүшесі атанады. 

Бұл туралы ЕЭК баспасөз қызметінің хабарламасында айтылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, кеше, 5 тамызда Қазақстан Республикасы Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуы туралы шартты ратификациялау рәсімін аяқтады.

ЕАЭО-ға Қырғызстанның қосылуы туралы Шарттың 11-бабына сәйкес дипломатиялық арналар арқылы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы хабарламаны алған күні бұл Шарт күшіне енеді. Осы кезден бастап Қырғыз Республикасы ЕАЭО-ның толыққанды мүшесі.

Атап айтқанда, "Мемлекеттік шекараның қырғыз-қазақ учаскесінде кедендік бақылаудың күшін жою туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың 2015 жылғы 8 мамырдағы шешімі мемлекеттік шекараның қырғыз-қазақ учаскесіндегі кедендік бақылаудың күшін жою Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға кіруі туралы шарт күшіне енген күннен бастап іске қосылатыны көзделген, деп хабарлайды КирТАГ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!