Қазақстанда жаңа кәсіпорынды 15 минуттың ішінде тіркеуге болады

Фотография - Қазақстанда жаңа кәсіпорынды 15 минуттың ішінде тіркеуге болады

Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтарында жаңадан ашылатын кәсіпорындарды он бес минуттың ішінде тіркеуге болады.

256 0

Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтарында жаңадан ашылатын кәсіпорындарды он бес минуттың ішінде тіркеуге болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде отандық бизнесті дамыту мен қолдау тақырыбы бойынша өткен брифингте "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ басқарушы директоры Ғабит Лесбеков мәлім етті.
Басқарушы директордың айтуынша, бүгінгі күні еліміздің барлық өңірлерінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарында кәсіпкерлікті тіркеу қызметі жүзеге асуда.

"Біз "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, бизнес үшін бәрін жаңадан бастаудан кәсіпорын құруға дейінгі оқыту, консультациялар беру қызметтерін жүзеге асырып жатырмыз. Қазіргі таңда ХҚКО-да он бес минуттың ішінде жаңа кәсіпорынды тіркеу мүмкіндіктері де қамтылды. Тура сол жерлерде бизнес-жоспарларды жазу, маркетингтік консультациялар беру тегін негізде жүргізіледі", - деді Ғабит Лесбеков.

Оның айтуынша, бүгінгі күні өңірлерде жастар кәсіпкерлігін қолдауға да жан-жақты назар аударылуда. Мәселен, "Даму" қоры Астана қаласы әкімдігімен бірігіп "Astana-Damu-ZhasStarT" бағдарламасын әзірлеген. Бағдарлама экономиканың түрлі салаларындағы ісін жаңадан бастаған жас кәсіпкерлердің жобаларын қолдауға арналды. Бұл ретте жас кәсіпкерлер үшін жалпы сомасы 20 млн. теңге, сыйақының жылдық ставкасы 7 пайызды құрайтын кредиттер қарастырылады. Сонымен қатар "Даму" қоры ісін жаңадан бастаған жас кәсіпкерге несие сомасынан 85% дейін көлемде кепілдік береді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!