Қырғыстанмен арадағы кедендік шегараның алынуынан қазақстандықтарды не күтеді

Фотография - Қырғыстанмен арадағы кедендік шегараның алынуынан қазақстандықтарды не күтеді

6 тамыз күні Қырғызстан ЕАЭО-ға қосылуы туралы шарт күшіне енді

259 0

6 тамыз күні Қырғызстан ЕАЭО-ға қосылуы туралы шарт күшіне енді. Сарапшылар Today.kz тілшісіне екі елдің азаматтарына қандай өзгерістерді күту керектігін айтып берді.

"Кордай" кеденінің ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы Роза Рахметованың сөзіне қарағанда, шегарадағы 209 кеденшіні Қазақстанның өзге аймақтарына ауыстырады.

" "Кордайда" қазір шамамен 500 шегарашы бар. Олар жұмыс орындарынан айырылмайды. Қайта, олар үшін офицерлік қалашық салынып жатыр. Штат құрамы ұлғаяды, гвардиялық аймақтан тағы да взвод келеді", - дейді Роза Рахметова

Оның сөзіне қарағанда қазір шегарада адам көптеп жиналуда. Дегенмен, құжат бақылауын жүргізетін шегаралық кабиналар саны артпайды. Қазіргі 10 кабина жұмысын жалғастыра береді.

"Күніне құжат бақылауынан арғы бетке 15-18 мың адам, ал кері қарай 18-20 мың адам өтеді. Жалпы 28-40 мың адам өтеді. Негізінен ол Ыстық көлге демалуға баратын Қазақстан мен Ресей азаматтары", - дейді ол.  

Қазақстанның туристтік ассоциациясының директоры Рашида Шайкенваның айтуынша, Қырғызстанның Турциямен бәсекелес боларлық мүмкіндігі бар.

"Кедендік бақылау алынады, үдеріс жеңілдейді деп толық айта алам. Шегарада біз санитарлық бақылау, шегаралық және кедендік бақылаудан өтеміз. Соңғысы ұзақ уақыт алады. Адамдар автобустан жүктерімен түсіп, тосып тұрады, ал адам саны көбейгенде үлкен кезек болады. Оның үстіне кеденшілер жүктеріңізді тексереді. Ал қазір адамдар шегараны жылдам өте алады, жаяу да көлікпен де", - деп түсіндірді Рашида Шайкенова.

Алматыдағы Қырғыз консулы Бақыт Қадыров қазіргі кезде азаматтардың екі ел аумағына өтуді жеңілдету бойынша келіссөздер жүріп жатқандығын айтты.

"Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуынан азаматтар үшін жеңілдіктер қатарында – кеденнің алынып тасталуы, мұнан шығатыны – тауарлардың еркін алмасуы. Сондай-ақ, келісімде біздің эмигранттардың Қазақстанда еңбек етуі үшін рұқсат алудың керек емес болуы да қарастырылуда", - дейді Бақыт Қадыров.
 

Естеріңізге салсақ, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуы туралы құжатты ратификациялаған болатын. Қазақстан келісімді бекіткен соңғы ел болды – бұған дейін құжатты Армения, Беларусь пен Ресей ратификациялаған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!