Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

Фотография - Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі

168 0

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Комиссия отырысын аша отырып, ҚР Мемлекеттік хатшысы ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының әлеуетін «Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруда кеңінен қолдану қажеттігін атап өтті.

Отырыс барысында Комиссия мүшелері «Болашақ» халықаралық стипендиясының 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспарын мақұлдады. Даму жоспарында көзделген «Болашақ» стипендиясын дамытуға және жетілдіруге бағытталған бастамалар талқыланды.

Сонымен қатар, отырыста кезекті конкурстық іріктеудің үміткерлеріне стипендия тағайындау мәселелері, азаматтардың өтініштері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысын одан әрі ұйымдастыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!