Түркиядағы ЖКО кезінде зардап шеккен қазақстандықтардың бірі елге оралады

Фотография - Түркиядағы ЖКО кезінде зардап шеккен қазақстандықтардың бірі елге оралады

Зарина Цолоеваның жағдайы туралы оның тренерң айтып берді

181 0

Памуккале-Анталия күре жолындағы турисстік автобустың апатқа түсу салдарынан зардап шеккендер арасында 21 жасар спортсменка Зарина Цолоева да болған. Бойжеткен бокстан қыздар ұлттық құрамасының мүшесі болып келеді, деп хабарлайды Today.kz Зарина Цолоеваның тренері Александр Высоцкиге сілтеме жасай отырып.

Тренердің сөзіне қарағанда бойжеткен ЖКО кезінде зардап шекпеді десе де болады дейді.

"Кеше ол менімен Түркиялық нөмірімен байланысқа шыққан. Түркияда ол демалуға барған. ЖКО кезінде ол болар болмас жарақат алған – сынық жоқ, тек қолы көгерген. Оны және өзге жолаушыларды дәрігерлер қарап шыққан, көмек қажет болғандарға медециналық көмек көрсетілген. Зарина жақын күндері үйге, Қазақстанға қайтады. Бұл жағдай оның спорттық жоспарларына еш әсерін етпейді. Қыркүйек айының басында ол Польшадағы халықаралық турнирге қатысады", - дейді бапкер.

Естеріңізге салсақ, Түркиядағы автобустың ЖКО-ға түскеннен кейін алты қазақстандық ауруханаға жеткізілген. Апаттың себептері анықталуда, тергеу шаралары жүргізілуде. Тағы бір қазақстандық қыздың тағдыры белгісіз, деп хабарлайды ҚР СІМ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!