Өткен жылы кәмелетке толмағандар арасында суицид 34,2%-ға азайған

Фотография - Өткен жылы кәмелетке толмағандар арасында суицид 34,2%-ға азайған

2014 жылы Қазақстанда кәмелет жасына толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсау оқиғалары 34,2%-ға азайған

877 0

2014 жылы Қазақстанда кәмелет жасына толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсау оқиғалары 34,2%-ға азайған. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСӘДМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Айгүл Тастанова мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2013 жылы Қазақстанда 3506 суицид тіркелсе, оның ішінде 292-сі кәмелет жасына толмағандар арасында болды. 2014 жылы бұл көрсеткіштер 3124 және сәйкесінше 192 санын құрады.

«Мемлекеттік органдар қабылдаған шаралардың нәтижесінде суицид 10,9%-ға, кәмелет жасына толмағандар арасында 34,2%-ға кеміді», - деп атап өтті Айгүл Тастанова.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомствоға қарасты Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы директорының ғылыми және клиникалық жұмыстары жөніндегі орынбасары Николай Негай өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу бағдарламаларын жүзеге асырудың екі негізгі кезеңіне тоқталды.

Біріншісі – қоғамда суицид және психикалық денсаулық туралы орын алған бұрыс пікірлердің тамыр жаюы. Өзіне-өзі қол жұмсау мәселелері мен әрекеттері және психикалық денсаулық мәселелерінің айналасында көптеген қалыптасқан аңыздар мен теріс түсініктер бар.

Екіншісі – халықты, қоғамды дұрыс ақпараттандыру қажеттілігі және бірінші кезекте жасөспірімдердің және олармен жұмыс істейтін кәсіби мамандардың кәмелет жасына толмағандардың психикалық денсаулығын нығайту және дамытудың маңыздылығы жайлы білімдерін арттыру.

Балалармен жұмыс істейтін мамандар кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің психикалық денсаулығы олардың физикалық денсаулығы сияқты маңызды екенін білгені абзал. Олар дағдарысты жеңуге тиімді көмектесу үшін балалар және жасөспірімдермен жұмыс істей білуі керек. Ең әуелі – бұл мектеп қызметкерлері. Әлемдегі өзіне өзі қол жұмсау мінез-құлқын алдын алу бағдарламаларының ең сәттісі – мектеп деңгейіндегі бағдарламалар. Өйткені балалар мектепте көп уақыттарын өткізеді, мұнда олардың тұлғалық қабілеттері дамиды, сонымен қатар, өздеріне таныс жерде өзекті мәселелерді талқылап, психикалық денсаулықты нығайту мақсатында және осал жасөспірімдер тобын ерте анықтауға арналған шараларды мектеп қабырғасында өткізген ыңғайлы.

Николай Негайдың мәлімдеуінше, 2016 жылы БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен Қызылорда облысында суицидтің алдын-алу бағдарламаларын енгізу жоспарланып отыр. Ол ақпараттық, үйрететін және қауіп-қатер топтарын анықтайтын құрамдас бөліктерден тұрмақ.

Белгілі халықаралық сарапшылардың қатысуымен ЮНИСЕФ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы аймақтық әкімдікпен бірлескен түрде енгізетін кешенді бағдарламасы балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтен сақтануға көмектеседі.

 

BNews.kz.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!