Аида Сарабаева саяхаттау үшін бір жыл бойына ақша жинаған

Фотография - Аида Сарабаева саяхаттау үшін бір жыл бойына ақша жинаған

Түркиядағы жол апатынан қаза тапқан қазақстандық 18 жастағы Аида Сарабаева саяхатты бір жыл бойы жоспарлаған.

239 0

Түркиядағы жол апатынан қаза тапқан қазақстандық 18 жастағы Аида Сарабаева саяхатты бір жыл бойы жоспарлаған. Туыстары мен достарының айтуынша, ол жолдамаға ақша жинау үшін жұмысқа да орналасыпты. Көптен күткен демалыс қайғылы жағдаймен аяқталды..

"Ата-анасына көңіл айтамын, мен бұған сене алар емеспін. Ол өз ата-анасын мақтан тұтатын, сіңлісін қатты жақсы көрді. Оның жоспарлары көп еді. Әлемді аралағысы келді. Ол Қытайда оқуды армандайтын, жақсы колледжде білім алды, ағылшынша еркін сөйлейтін", - деді Аиданың құрбысы Аягөз Әрінова.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркиядағы ірі жол апатынан 18 жастағы Аида Сарабаеваның қаза тапқаны хабарланған болатын. Жол апаты 6 тамызда, Астана уақыты бойынша 19.30-да болды. Автобус Памуккаледен Анталияға бара жатқан. Апаттан төрт адам қаза тауып, 27 адам жарақаттанды.

ҚР СІМ хабарлауынша, осы автобуста болған қазақстандық алты азамат түрлі жарақатпен Денизли ауруханасына жеткізілді. Қаза тапқан қыздың денесі апта соңына дейін Қазақстанға жеткізіледі.ъ

 

 

ktk.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!