"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Фотография - "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Бұл қызметке ОҚО-ның бұрынғы әкімі тағайындалды

153 0

Асқар Мырзахметов "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Today.kz Ақорданың Твиттер-аккаунтына сілтеме жасай отырып. Мұның алдында, 2013 жылдың қаңтарынан осы уақытқа дейін бұл орында Бауыржан Байбек болған еді.

"Мемлекет басшысы Асқар Мырзахметовты "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары етіп тағайындады", - делінген хабарламада.

Ақорда хабарламасын бойынша Асқар Мырзахметов Мемлекет басшысының жарлығымен Оңтүстік Қазақстан әкімі қызметінен босатылды.

Айта кетейік, бүгін Астанада партияның Саяси кеңесінің отырысы өтуде.

Мырзахметов Асқар Исабекұлы 1962 жылы дүниеге келген. Ауыл шаруашылығы және экономикалық мамандықтары бойынша білім алған. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

Аспирантураны аяқтаған соң 1988-1991 жылдары Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының шығыс бөлімшесі жүйесінде кіші, кейіннен аға ғылым қызметкері болып жұмыс істеген.

1991-1997 жылдары шаруашылық субъектілерде мен қоғамдық ұйымдарда (Орта Азия және Қазақстан биржа қауымдастығы басқармасының, Қазақстандағы Кәсіпкерлері форумы кеңесінің төрағасы) басшылық қызметтерін атқарған.

1997 жылдан 2006 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Премьер-Министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі, бірінші вице-министрі және Ауыл шаруашылығы министрі лауазымдарында қызмет атқарған.

2006 жылдың сәуірінен 2007 жылдың қыркүйегі арасында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі.

2007 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың наурызы аралығында - «Оңтүстік» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.

2009 жылдың наурызынан бүгінгі күнге дейін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!