Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Фотография - Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

9 тамызда Қазақстанның көптеген бөліктерінде атмосфералық фронталды ауа бөліктерінің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай болады

745 0

9 тамызда Қазақстанның көптеген бөліктерінде атмосфералық фронталды ауа бөліктерінің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай болады. 

Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік батысында ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

Кей жерлерде жел күшейеді, республиканың оңтүстігінде жел шаңды дауылмен болады. Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында, түнде Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Оңтүстік Қазақстан облысында шаңды дауыл болады. 

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!