Редактировать

А. Есімов «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы болып тағайындалды

Фотография - А. Есімов «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Ахметжан Есімовті «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК« АҚ басқармасының төрағасы қызметіне тағайындады

409 0

Мемлекет басшысы Ахметжан Есімовті «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК« АҚ басқармасының төрағасы қызметіне тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде хабарлады.

 

Бұдан ертерек Алматы қаласына жаңа әкім болып Бауыржан Байбек тағайындалғанын хабарлағамыз.

 

Ахметжан Смағұлұлы Есімов - Алматы облысында 1950 жылы 15 желтоқсанда туған.

Қазақ ауыл шаруашылық институтының механика факультетін «Ауылшаруашылығы өндірісін механикаландыру процесі» мамандығы бойынша (1974); кейін Ресей Қоғамдық ғылымдар Академиясының әлеуметтік-саясат факультетін «Әлеуметтік – саяси қатынастар» мамандығы бойынша (1991) бітірген. Экономика ғылымдарының докторы (1999).

1990 жылдан – ҚазССР Госагропром төрағасының бірінші орынбасары. 1992 жылдан – Алматы облысы әкімшілігінің басшысы. 1994 жылдан – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары. 1996 жылдан - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары-инвестиция жөніндегі Мемлекеттік комитеттің төрағасы. 1998 жылдан – Қазақстан Республикасы Президенті Әкмішілігінің басшысы. 1998 жылдан Қазақстан Республикасының Бенилюкс елдеріндегі (Бельгия Корольдігі, Нидерланды Корольдігі және Люксембург Ұлы Герцогтігі.) Төтенше және Өкілетті елшісі. ЕС және НАТО-да Қазақстан Республикасының Өкілділігін басқарды.

2001 жылдан - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрі. 2002 жылдан - премьер-министрдің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрі. 2004 жылдан-Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары. 2006 жылдың қаңтарынан Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрі. 2008 жылдың сәуірінен – Алматы қаласының әкімі болып қызмет етті. Сондай-ақ,  2008 жылдың қазанынан – «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы лауазымында болды.

 «Құрмет белгісі» (1982), «Парасат» (2002), «Отан» (2007) ордендерімен марапатталған

 

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!