Бауыржан Байбек жақын күндері Наурызбай ауданында болады

Фотография - Бауыржан Байбек жақын күндері Наурызбай ауданында болады

Аудандағы ТЖ режимі жайында Today.kz тілшісіне қала әкімінің орынбасары Юрий Ильин айтып берді

157 0

Алматыда сел жүргеніне байланысты жарияланған төтенше жағдай осы аптаның соңына дейін сақталады, деп хабарлайды Today.kz  қала әкімінің орынбасары Юрий Ильинге сілтеме жасай отырып. Сондай-ақ, Алматының жаңа әкімі Бауыржан Байбек жақын кұндері Наурызбай ауданында болып қайтпақ.

"Әзірге ТЖ режимі сақталады, қала әкімі Наурызбай ауданына барып, ТЖ режимін алып тастайды деген ойдамын. Наурызбай ауданында апта соңында тазалау жұмыстары аяқталады. Негізгі жолдардың бәрі тазаланды,  қазір аулаларда жұмыс жүргізілуде, газды қосу бойынша кезеңді жұмыстар жүріп жатыр. ТЖ режимі алныуы керек", - дейді Ильин. Одан бөлек, "бұл әкімнің қарауындағы мәселе" деп атап өтті ол.

Зардап шеккен ауданда апаттық-қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасуда.

Естеріңізге салсақ, ТЖ режимін Алматының экс-әкимі Ахметжан Есімов 23 шілдеде жариялаған болатын. Оның сөзінше, бұл селден зардап шеккендерге заңмен берілетін көмек барынша тез көрсетілу үшін жасалған. ТЖ аясында екі миллион теңге бөлінген болатын.

Естетіңізге сала кетейік, 22-нен 23-ні шілдеге қараған түні Алматының Наурызбай ауданында сел жүрген еді. Табиғат апаты жеті тұрғын үйді қиратып, 429 нысанды су басқан, соның ішінде екі орта мектеп пен бір дәрігерлік амбулатория.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!