Алматыдағы балабақшада болған ЖКО ісінде тағы бір зардап шегуші жақ пайда болды

Фотография - Алматыдағы балабақшада болған ЖКО ісінде тағы бір зардап шегуші жақ пайда болды

Балабақшада болған қыздың әкесі оның көптеген жарақаттар алғанын айтуда

213 0

Алматыдағы балабақшада болған ЖКО ісінде тағы бір зардап шегуші жақ пайда болды, деп хабарлайды Today.kz. тілшісі.

№58 балабақшасының тәрбиеленушісінің бірі Салтанат Сұлтанғалидің әкесі ЖКО кезінде қызының ауыр жарақат алғанын айтады. "Біз интернеттен сот жүріп жатқанын білдік. Шақырту болған жоқ. Ешкім қоңырау шалмады. Менің қызым джиптің астында қалған. Ауыр жарақат алған үшеуі – оның бірі қызым. Ми шайқалу, бүйрегінен соққы, көптеген жарақаттар. Ешқандай келісуге қол қойған жоқпын. Бірінші рет анасы барып, қалалық гаиге арыз жазған, екінші рет осында жіберді де, осында бір арыз жазды", - дейді қыздың әкесі Алмас Мұхамеджанов.

Оның сөзінше, олар Семченкодан баланың еміне 1,5 миллион теңге талап етпек. "Біріншіден, медециналық шешім бойынша: екі жыл невропотогқа қаралу керек. Қарапайым емханаларда невропотолог жоқ. Жеке клиникаларға бару керек. Қабылдау құны мен дәрі-дәрмектің бағасы. Қаржы көлемі шамамен бір жарым миллион теңге", - дейді қыздың әкесі.

Сонымен қоса, бүгін сотта сотталушы мен зардап шеккен жақтармен, соның ішінде қайтыс болған Кәусәр Жолдыбайдың ата-анасымен процесуалдық келісім шешімі туралы белгілі болды. "Енді сот процесуалдық келісімді қарастыру керек, Қылмыстық-процессуалдық Кодекс пен құқықтық актілерге сәйкестігін. Осыған байланысты келісім түрінде немесе басқаша қарастыру туралы шешім қабылданады", – дейді Бақытжан Есенов. Сол себепті сот 13 тамызға шегерілді.

Естеріңізге салсақ, Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 сотында балбақшаның қоршауына көлікпен кіріп кеткен Татьяна Семченконың үстінен сот басталды. Семченконың қорғаушылардың сөзінше, ол өзінің кінәсін толық мойындауда.

Сонымен бірге, қайтыс болған Кәусар Жолдыбайдың ата-анасы шығынның толық өтелуіне байланысты сотталушы жаққа шағымдары жоқтығы белгілі болды. Семченконың қорғаушысы жақтардың келісімге келуін сұрауда. Сонымен қатар сотталушының онколгиялық дерті бар екені анықталды, осыған орай жаза жеңілдетілуі мүмкін.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!