Байбек Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ашылуына қатысты (сурет)

Фотография - Байбек Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ашылуына қатысты (сурет)

Жаңа әкімнің Наурызбай ауданын аралау НЗМ-нен басталды

409 0

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ашылуына қатысты, деп хабарлайды Today.kz.

"Барлығыңызды да осындай айтулы оқиғамен құттықтағым келіп тұр. Бүгінгі ата-аналрдың қобалджуын түсініп тұрмын, олар бұл қадамның маңыздылығын толық түсініп тұр. Дәл мектепке түсу – ьіздің президент, біздің ел ұсынып отырған үлкен бақыт. Президент саясатының арқасында қазақ, орыс, ағылшын тілін білетін; ұлттық аспаптарда ойнайтын; түрлі кітаптар оқитын; базалық біліммен шектелмей, өмірге көзқарасының кеңейтіп жатқан мүлде жаңа буын өсіп келеді", - дейді Байбек.

Оның сөзіне қарағанда, мектептің құрылысы ұш жылға созылған, оның жалпы құны 5,7 миллион теңгені құраған. Құрылыс кезінде жаңа технологиялар пайдаланылды. Мектептің жалпы аумағы 103 мың квадрат метр және 960 оқушыға есептелген. Сонымен қоса, 270 орынға есептелген өзге қалалықтар үшін интернат бар. Қазақстандағы барлық НЗМ мектептерінің ішінде – Наурызбай ауданындағы ең үлкені. Білім ошағы спорт алаңдарымен, хореографиялық және тренажерлық залдармен, заманауи оқу зертханаларымен жабдықталған.

НЗМ-дегі бір орынға алты адам таласатыны белгілі болды. Оқушыларды конкурстық негізде таңдайды. "Оқушылар мен оқытушыларды таңдауда үлкен жұмыс жүргізіледі. Мұнда оқу үшін оқу үлгерімі өте жақсы оқу керек, талнтта және жаңашыл болу қажет. Математика, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілінен тест тапсыру, сондай-ақ, логикаға арналған тесттен өту керек. Барлық ақпаратты НЗМ сайтынан табуға болады", - дейді Алматыдағы химия-биологиялық бағыттағы НЗМ директорының орынбасары Салтанат Қадырова.

Мектепке бүкіл Қазақстан бойынша жетіден 12 сыныпқа дейін қабылдау жүреді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!