Ахметовтың әрекеті биліктің халық алдындағы беделін түсірді - прокурор

Фотография - Ахметовтың әрекеті биліктің халық алдындағы беделін түсірді - прокурор

Айыптаушылардың мәліметі бойынша мемлекетке жалпы 1,128 миллиард теңге көлемінде шығын келтірілген

211 0

Серік Ахметовтың ісі бойынша басты соттық отырыс барысында прокурорлар Қарағанды облысының бұрынғы әкіміне оқыған айыбында, оның қылмыстық әрекеті "Қазақстан халқы алдында мемлкеттік биліктің беделін түсрді" деген айыпт та көрсетілген, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

Прокурорлар төрт эпизод бойынша айып тақты, оның ішінде Ахметовтың отбасына тиесілі "Сталь Цинк" компаниясының мүдессін өрбіту де бар.

"Ахметов ҚР бәсеклестік туралы заңын бұзды, "Сталь цинк" ЖШС-на ыстық цинктеу қызметін көрсетуде басымдық құқық берді, бұл кәсіпорынға бәсекелестерге қарағанда артықшылық берді және осыған ұқсас қызмет көрсететін шаруашылық субьектілердің кемсуіне жолберді", - деп оқыды айыбын прокурор.

Сондай-ақ, ол заңсыз әрекеттер ЖШС-ға 28,4 миллион теге көлемінде пайда әкелгенін атап өтті.

"Сонымен қоса Абдишев, Ахметов және Жакеновтың қылмыстық әрекеті Қазақстан халқы алдында мемлекеттік биліктің беделін түсірді, сондай-ақ, мемлекетке 95,9 миллион теңге көлемінде шығын келтірді", - делінген айыптау актінде.

Сонымен бірге, Серік Ахметов және өзге де қызметтік тұлғалар мемлекетке жалпы 1,128 миллиард теңге көлемінде шығын келтірді.

Естеріңізге салсақ, Қарағандының бұрынғы әкімі Серік Ахметов алты жемқорлық қылмыс жасады деп айыпталуда. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2012 жылы Қарағанды қаласының әкімі бола отырып, ол өзге де қызметтік тұлғалармен миллиардтан астам бюджеттік қаражатты иемденген.

Кейін белгілі болғандай, қорғаушы жақ айыптардың барлығымен толық келіспеуде және Серік Ахметовтың пайдасына дәлелдер келтірді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!