Алматыда Универсияданы өткізуге "ауыр салмақты" спонсорлар тартылды

Фотография - Алматыда Универсияданы өткізуге "ауыр салмақты" спонсорлар тартылды

Журналисттерге Алматының ертегіге айналатынын айтып берді

175 0

Алматыда Халықаралық спорт жобалары дирекциясында Бүкіләлемдік қысқы Универсияданы өткізуге дайындықтың кей жайттары туралы журналисттерге айтып берді, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

"28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсияданы өткізу кезінде Алматы ертегіге айналады. Қаланың әр бөлігінде суретшілер мен әртістер жиналатын сегіз нүкте ашылады. Әрине, Универсияданың ашылуы да, жабылуы да, тамаша салтанатпен өтеді. Негізгі идея – көпұлтты Қазақстан. Бұл оқиға туралы жар салу үшін де көп істелді: лотерея басылды, "ауыр салмақты" спонсорлар да тартылды, сувенирлі тауарлар желісі 52 бірлікті құрады, бір жарым жылда танымалдылық 35 пайызға артты", – дейді дирекция жетекшісі Илья Уразаков.

Оқиғаның бюджетін үш аптадан кейін жариялайды деп күтілуде. Қазіргі кезде қазынадан 1,5 миллиард теңге бөлінген. Алайда ұйымдастырушылар 2011 жылғы Азияданы өткізуге арналған қаржыдан азырақ жұмсайтынын айтады.

"Біз спорт нысандарының сапасына, қонақтарды қарсы алуға көңіл бөлудеміз, сол себепті әлемдік деңгейдегі әртістерді шақырмаймыз. Сондықтан, Леди Гага болмайды деп нақты айтамыз. Қазір ұлттық әуездермен "алатын" уақыт, шетелдік танымал жұлдыздармен емес", – дейді Уразаков.

Халықаралық оқиғаға дайындалу шеңберінде Алматыда Универсияда символы орнатылды. Жасыл түсті Сұңқардың сойы Ойындарды бейнелейтін тоғызыншы нысан.

Әл-Фараби даңғылында үш метрлік композиция орнатылған. Гүлдер өсетін тұста  "Универсиада-2017" деп үлкен әріптермен жазылған, ағылшын тілінде де.

28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсияда Алматыда 2017 жылдың 28 қаңтардан 8 ақпан аралығында өтеді. Бұл айтулы оқиғаға үш мыңнан астам спортсмен мен мыңнан астам ресми тұлғалар келмек. Сонымен бірге, 10 спортық нысан жұмыс істейді, соның ішінде 12 мың адам сиятын Мұз айдыны және 5 700 адамға есептелген Атлетикалық ауыл.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!